Ата-бабамыз айтып кеткендей "тарихын ұмытқан ел - ел болмас" деген нақыл сөз әрбір қазақтың жадында жүрсе керек. Өйткені қай мемлекет мәдениеті, саясаты болмасын өзінің тарихына көз жүгіртіп құралады. Сол мемлекетті де басқаратын тұлғалар уақыт өтісімен тарихтың бір маңызды тетігі болатыны анық. Осы маңызды, ауқымды жүйені әрдайым есте сақтауға міндеттіміз.
Осы мақсатта ГМ-172/10 мекемесінің жеке құрамы мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Максат Мустапаевтың бастамасымен осы жылдың қазан айының 25 жұлдызында Маңғыстау облысының өлкетану мұражайына экскурсияға барып қайтты. Осы экскурсия барысында мекеме қызметкерлері өздері ерекше әсер алды десек қателеспейміз.
Мұражайдың Маңғыстау облысының табиғатын бейнелейтін бөлімі ерекше әсер қалдырды. Онда қызыл кітапқа енген түрлі жан-жануарларды кездестіруге болады екен. Сонымен қоса Каспий теңізінде кездесетін бекіре тұқымдас балықтардың да сан алуан мүсіндері қойылған. Сонымен қоса мекеме қызметкерлеріне 19-20 ғасырларда қолданыста болған қару-жарақтар да өз әсерін ерекше тигізді. Алдағы уақытта да осындай мәдени шаралар жеке құрам арасында ұйымдастырылып тұратынына әбден сенімдіміз. Ерекше әсермен, толғаныс сезім сыйлаған мұражай қызметкерлері де өз жұмыстарынын нағыз маманы екен.
ГМ-172/10 мекемесі (Тергеу изоляторы)
Кадр жұмысы бөлімшесі әділет аға лейтенанты
А.А. Исламов