Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Сәнім Танаеваның төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы отбасы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі үйлестіру кеңесінің ІІІ отырысы өтті.
Отырысқа сала ардагерлері Салиха Есжанова, Гүлбарам Тоқбанова, қалалық политехникалық колледж директоры Тілектес Болатбаева, «Халық банкі» АҚ ЖҚФ директоры мен Биғали Есіркепов, қалалық білім бөлімі басшысы Тәттімбет Жұмалиев қатысты.
Жиын барысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ұлбазар Орынбаева Кеңестің жартыжылдық есебін баяндап өтті.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтауда көркем гимнастикадан турнир өтіп жатырЕлбасының сындарлы саясатының аясында түрлі коференциялар мен дөңгелек үстелдер, кездесулер өтті. Сонымен қатар, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі үйлестіру Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Жаңаөзен қаласы бойынша аналар кеңесімен бірлесе отырып, қала бойынша жас ерекшеліктеріне, сала қызметіне қарай әйелдердің статистикалық көрсеткіштері бойынша талдау жүргізілді.
Қала көлеміндегі мүжәлсіз, жартылай, толық емес, көп балалы отбасылардың, тұлдыр жетім балалардың тізімі анықталды.
Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында медициналық көмекті жетілдіру мәселесі бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың және әйел адамдардың статистикалық көрсеткіштері анықталып, бүгінгі таңдағы ана мен бала өлімі қала көлеміндегі деңгейі қазір бақылауда тұр. Еңбекке жарамсыз ер және әйел азаматтардың бүгінгі көрсеткіштері, тіркеуде тұрған есірткіге әуес әйелдердің тізімі анықталып, олармен ұдайы жұмыс жүргізілуде. Әйелдер арасында кәсіпкерлікпен айналысуды дамыту, жеке кәсіпкерлердің, кәсіпкер әйелдердің көрсеткіші мен деңгейі, олардың жұмысын жүргізуде, ары қарай жетілдіруде кеңес ұсыныстар берілді.
Құрылған Кеңестің негізгі мақсаты қаламыздағы, ауылдарымыздағы мүмкіндігі шектеулі, үй шаруасындағы әйел адамдар, жалғыз басты және көп балалы аналар, сондай-ақ қызметтегі әйел адамдар мен жұмыссыз отырған әйел адамдарға қолдау көрсетіп, олармен тығыз байланыста болу, керек кезде кеңес беріп отыру, түрлі тақырыпта өтетін жиындарға, шараларға қатысып, атсалысуын қамтамасыз ету. Жыл бойы жоспар бойынша аталған Кеңестің төрт отырысы өтеді. Алайда маңызды мәселелерге байланысты немесе қажет болған жағдайда өткізіп тұрамыз.
Кеңесте көтерілген тақырыптардың бірі қаламыздағы жасөспірімдер арасындағы өзіне өзі қол жұмсау мен балаларды тұрмыс жағдайындағы зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі болды. Бұл жөнінде де кеңес мүшелері мектептер мен колледждерде семинар, түсіндірме жұмыстарын жандандырып, ондағы психолог мамандарының балалармен тығыз жұмыс жасауын қадағалап, бақылауға алу керектігін де айтып өтті.
Шара барысында мектепке дейінгі тәрбие орталығының директоры Айсұлу Исаева Кеңес мүшесіне мүмкіндігі шектеулі әйелдерді де қосу туралы ұсыныс пікірін айтты: «Біз мүгедек адамдардың, әйелдердің жанын, жағдайын түсінбейміз. Олардың өмірлеріндегі өзгерістер мен қоғамнан күтетін нәрселерінен бейхабармыз. Олардың орнында болмағаннан кейін көп жағдайларды біле бермейміз. Сондықтан арамызда ондай адамның болғаны да дұрыс деп ойлаймын» - деді.
Сонымен қатар, Кеңес төрайымы Сәнім Танаеваның тарапынан кезекті отырыстарды еркін форматта, жоспардан тыс өткізу және комиссия мүшелерін көбейту жөнінде және т.б. ұсыныстар түсті.
Айтолқын МЕҢДІБАЕВА