©
27 шілде Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Сәнім Танаева мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі комиссия мүшелері және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Басқосуда аталмыш бағдарлама аясында жартыжылдықта атқарылған жұмыстар баяндалды.
- Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы бойынша қаламызда офис құрылып, 2017 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс жасай бастады. Бұл жұмыстарға қала болып, барлық мекеме өз үлестерін қосуда. Жұмыс өте жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін жасалу керек жұмыстар жоспарда бар, - деді С.Танаева.
Жаңаөзен қаласында «Рухани жаңғыру» офисінің жартыжылдық есебімен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ұлбазар Орынбаева ақпараттандырды. Оның айтуынша, ағымдағы жылға 184 іс-шара бекітілсе, қазіргі таңда оның 98-і орындалып үлгерген. «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 23 шара жоспарланып, ірі қайы- рымдылық шаралар ұйымдастырылған. «Neogym фитнес» клубы, гемодиализ орталығы, медициналық орталық және «Ерхан» балабақшасы жүзеге асырылған.
«Рухани қазына» ішкі бағдарлама бойынша 2018 жылға 100 шара, жарты жылына 56 шара жоспарланып, жүзеге асқан. Ең ірілері «Береке басы бірлікте» республикалық ақындар айтысы, «Сөйле, сөйле қызыл тілім» жыршы-термешілері сайысы, «Жаңөзеннің кеше бүгіні» фотографтар байқауы, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін сахналық қо- йылымдар, «Ашыну мен дәрменсіздік» қойылымы, «Ұлттық киім», «Бұрымды қыз», «Аяулы келін» секілді т.б. байқаулар өткізілген.
«Тәрбие мен білім» ішкі бағдарламасы бойынша жыл бойына 57 шара бекітіліп, мау- сым айына дейін 31 шарасы жоспарланған. «Тілші мұғалімдер 2018» олимпиадасы, техникалық шығармашылық және өнертап- қыштар жарысы, математика пәнінен IV қалалық олимпиадасы, әртүрлі облыстық, қалалық сайыстар ұйымдастырылған.
«Ақпарат толқыны» бойынша жүзеге асырылған барлық шаралар жергілікті бұқа- ралық ақпарат құралдарында жарияланып отырған. «Жаңаөзен» газетінде бағдарлама аясында 28 мақала жарық көріп, қала бойынша 290 баннер, билборд, брэндмауэр, кермелер ілінген.
- Жақында «Рухани жаңғыру» бойынша облыстық сараптамалық комиссия отырысы өтіп, ол жерде 2018 жылдың 6 айында жасалған жұмыстарға есеп берілді. Сондай-ақ, жыл аяғына дейін жоспардағы жұмыстармен таныстырып, іс-шараларды республикалық реестрге енгізуге атсалыстық. Нәтижесінде, «Атамекен» ішкі бағдарламасы бойынша 11 жоба енді, - деді Ұ.Орынбаева.
Аталған 11 жобаның құрамында ізгілік, қайырымдылық шарасы аясында «Бұрғылау» ЖШС көме-гімен Қызылсай ауылында 2 құдық қазылуда. Мұндағы мақсат мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға жағдай жасау. Қала әкімдігі және «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілігімен қала, ауыл мектептерін компьютермен қамту. Қаланың 7 мектебі мен Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарының бір мектебіне, барлығы 10 комплект - 26 компьютерден беріледі. «Оғыланды Бекет-Ата» қоғамдық қорымен және тікелей жұмыстанып жатқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 10 мүмкіндігі шектеулі көп балалы отбасыға пәтердің кілтін табыстау, төртеуі берілген. Халық банк 95 жылдығына орай балаларға арнап ойын алаңшасын, «КенҚұрылысСервис» әлеуметтік қолдауды қажет ететін бір отбасыға тұрғын-үй салып беру. Тұрғын-үй «Асар» қайырымдылық шарасы аясында Рахат ауы- лы «Мерей» шағынауданынан 34 көшеден салынып жатыр. Апаттық жағдайдың алдын-алу үшін «Шаңырақ», «Шұғыла», «Самал» шағынаудандарындағы 59 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу, подъезд, ауласын тазарту, абаттандыру, сырлау, әрлеу. Бұл жұмысқа қаламыздағы 33 мекеме шама-шарқынша атсалыспақ. «Өзенмұнайгаз» АҚ көмегімен қала және ауыл көшелеріне 10 комплект спорт алаңшасын салу. «Тәуелсіздік» алаңындағы су бұрқақ құрылысы «АУЭСиК» ЖШС-мен жүргізілуде. Қала және ауыл кәсіпкерлердің көмегімен 121 ойын алаңшасын жаңарту. Көктем шағынауданында 1-10 үй арасындағы жаяу жүргіншілер жолын жөндеу, «СезаМед» ЖШС қолдауымен сол маңдағы жол қозғалысына кедергі келтірмес үшін көлік тұрағын салу. Күн батареясымен жарықтанатын 133 көше шамдарын «Өзенэнергосервис» мекемесі арқылы аяқтау.
Есеп тыңдалған соң, қала әкімінің орынбасары С.Танаева жасалған бұл жұмыстардың барлығын тұрғындар арасында насихаттау мақсатында, халық хабардар болуы үшін форматы ауқымды шаралар ұйымдастыру қажеттігін тілге тиек етті. Ал, білім саласының ардагері Өтеулі Сарыбек, жеке кәсіпкер Ісенбай Қалдаманов бағдарламаның мәні тереңде екенін айта кетіп, осы тұрғыдағы ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Жазира АҚБЕРГЕНОВА