©
Биылғы оқу жылында Маңғыстауда 6300 орындық 9 мектеп пайдалануға беріледі. Жыл басынан бері 920 орындық 10 балабақша ашылған, желтоқсанға дейін тағы да 23 балабақша іске қосылады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс 20-сессиясында облыс әкімі Ералы Тоғжанов айтты.
Сессияда Е.Тоғжанов 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндады.
Е.Тоғжановтың айтуынша, жыл аяғына дейін бөбектер 100%-ға балабақшамен қамтылады.
«Облыста 23 медициналық ұйым үшін адам денсаулығындағы акауларды ерте мерзімде анықтауды қамтамасыз ететін құны 1 млрд.теңге 16 заманауи УЗИ аппараттар сатып алынды», - деп атап өтті әкім.
Сонымен қатар Ақтаудағы «Ана мен бала» өңірлік орталығының құрылысы да көп ұзамай аяқталады деп жоспарланып отыр.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет сайттың архивінен