5 шілдеден бастап «Ақтау – Құрық – Ақтау» бағытында облысішілік шағынавтобустар қатынай бастады. Әзірге маршрут 2 ай сынақ мерзімге ашылған. Маршрут иесінің айтуынша, сынақ мерзімінде автобусқа деген қажеттіліктің бар-жоқтығы сарапталатын болады. Егер жолаушылар Құрық ауылы мен Ақтау қаласының арасына автобуспен қатынағанды қолайлы көрсе, маршрут тұрақты түрде жүретін болады.
Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағынавтобус Құрық ауылындағы автотұрақтан таңғы сағат 09:00-де шығып, Ақтау қаласы 28 «а» шағынаудандағы автотұрақтан сағат 18:00-де қайтады.
Маршруттың иесі Жеке кәсіпкер «Жұбаназаров» өкілінің айтуынша, бүгінде екі шағынавтобус қатынап отыр. Олардың бірі күн сайын белгіленген уақытта жүріп отырса, екіншісі жолаушылар сыймай қалған жағдайда шығарылады.
«Ақтау – Құрық» бағыты бойынша жүретін маршруттың құны 1 бағытқа – 400 теңге. Бұған дейін Құрық ауылының халқы Ақтауға жеке көлігімен немесе таксимен қатынап жүрді. Таксидің құны шамаман 1000 теңге екен. Шағынавтобусты таңдаған жолаушылар Құрықтан Ақтауға 40-45 минутта жететін болады.
«Ақтау – Құрық - Ақтау» бағытына қатысты сұрақтарыңыз болса, 8 (701) 670-46-26, 8 (7292) 33-53-24 нөмірлеріне хабарласа аласыз.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Сурет сайттың архивінен