Ақтауда шілде айының алғашқы аптасында ауа температурасы 43-46 градусқа дейін көтерілген болатын. Электр қуатына деген қажеттілік шамадан тыс артқандықтан кей шағынаудандарда жарық сөніп қалды. Бұл туралы Ақтау қалалық әкімдігінде су және электр энергиясын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде өткен брифингте айтылды.
«Шілде айының басында электр энергиясын тұтыну 75МВт-тан 120МВт-қа дейін өсті. Соған байланысты кейбір шағынаудандардағы желілердің кабелдері істен шығып, жарық сөнген болатын. «АУЭС» МҚК мамандары жедел түрде ақауларды қалпына келтірді. Приозерный, Приморский елдімекендері мен 6 шағынауданда электр желілері ауыстырылды. Бұл жағдай қайталанбас үшін қазіргі таңда ескі кабель желілерін ауыстырып жатырмыз», - деді «АУЭС» МҚК директоры міндетін атқарушы Айтбай Аймағамбетов.
Ол электр энергиясының тапшылығы жоқ екенін атап кетті. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Маңғыстауды толығымен қамтып отыр. Ал қалада электр желілері ескіргендіктен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Бүгінде жағдай тұрақты деуге негіз бар. Қаланың электр жүктемесін азайту мақсатында 2 трансформартлық 25МВт болатын екі қосалқы станция салынып жатыр. Бірі «Хазар» қосалқы станциясы. Ал келесі 2 транформатрлық 40 МВт болатын қосалқы станция ботаникалық саябақтың маңында салу жоспарға алынып отыр», - деді Айтбай Аймағамбетов.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Шора» су арнасының айналасы қоршауға алынбақ«Хазар» қосалқы станциясына төменгі шағынаудандар, ал ботаникалық саябақтағы қосалқы станцияға орталық шағынаудандар қарайды. Қосалқы станцияның тоқтарын тарату үшін мамандар 24 сағат жұмыс жасап жатыр.
«АУЕС» МКК және «КЖСА» ЖШС өкілдерінің айтуынша, ендігі жылдан бастап ескірген желілердің 67%-ы жаңартылмақ.Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ Суретті Ақтау қалалық әкімдігі ұсынды