«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығы мен Ақтау қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында мектепке дейінгі ұйымдардың ер балалары арасында «Жігіттің сұлтаны- 2018» байқауы өтті. Бұл сайысқа 41 бала қатысып, сәлемдесу, өнер көрсету, асық ату сияқты үш кезеңде бар сайысты. Әртүрлі балабақшалардың арасында жарыс қызу жүріп, №54 «Айналайын» балабақшасының 8 топ тәрбиеленушісі Насиполла Дінмұхаммед Бас жүлдені жеңіп алды. Аталған балабақшаның тәрбиешісі Күміс Гумарованың айтуынша, балабақша ұжымы бүған дейін де республикалық, Маңғыстау облыстық, Ақтау қалалы, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды алып жүр.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ