©
Қасиетті Маңғыстау өлкесінде тарихи-мәдени маңызы зор нысандар мен елді мекендер жетерлік. Осы орайда облыстық туризм басқармасы «Цифрлық Қазақстан–2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2GIS компаниясымен бірлесіп туристік нысандарды цифрландыру картасын жасақтау жұмыстарын бастады.
Бірлескен баспасөз мәсли хатында Маңғыстаудың тарихи-мәдени орындарын картаға енгізу жұмыстары жайында баяндалды. Жоба облыс аумағының әр жерінде орналасқан туристік нысандардың шалғайлығы өңір тұрғындары мен сырттан келетін туристер үшін проблема туындатуына байланысты қолға алынған. Баспа сөз жиынына облыстық туризм басқармасы туризм бөлімінің басшысы Гүлсім Жариева, 2GIS Ақтау компаниясының директоры Ербол Байжігітов, коммерциялық сұрақтар бойынша директордың орынбасары Алкуат Насухаулы және маркетолог Тимур Файзулин қатысты.
Елбасымыз Н.Назарбаев ұсынған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қолдау және Маңғыстау облысының туристік және рекреациялық әлеуетін дамыту мақсатында 2GIS компаниясы Маңғыстау облысының туризм басқармасымен бірлесіп Маңғыстаудың 24 киелі жерлері мен тарихи-мәдени тартымды жерлерін, табиғи нысандарын цифрлық картаға енгізу бойынша жұмыстар жүргізді. Қазіргі таңда аталған жобаның 1-кезеңі аяқталды. 2GIS-Ақтау компаниясының директоры Ербол Байжігітов жаңа жоба туралы маңызды мәліметтерімен бөлісті.
«Осы бірлескен жоба – Маңғыстауға Қазақстанның туристік іс-сапармен келу карточкасы, киелі жерлер мен көз тартарлық ландшафты-географиялық жерлерінің асыл қазынасы ретінде насихаттау мақсатында тегін жүзеге асырылды. Облыс әкімдігінің қолдауымен маршруттарды құру үшін картографиялық мәліметтерді жинақтау бойынша біз экспедиция ұйымдастырдық және 3000 шм астам жол жүріп өттік», – дейді Е.Байжігітов.
Жүргізілген жұмыстың нәти жесінде 2GIS-Ақтау қосымшасында нысандарға баратын маршруттар құру мүмкіндігімен бірге оффлайн режимінде көз тартарлық 24 нысан пайда болды. Атап айтқанда Көгілдір айлақ (жағажай), Саура (арна), Тамшалы (бұлақ, шатқал), Жығылған (құлама жар), Сұлтан епе (жерасты мешіті), Қапамсай (арна), Шақпақ ата (жерасты мешіті), Шарлар сайы (шар тәрізді кон крециялар), Отпан тау (тарихи мәдени кешен), Айрақты-Шоманай (тау қалдықтары), Шерқала (тау), Тұзбайыр (тұзды көл), Сфинкс (жартас), Сисем ата (қорым), Бекет ата (жерасты мешіті), Найза (тау, көрініс), Босжыра (тау, сай), Шопан ата (жерасты мешіті), Радон су көзі (ыстық су көзі), Песчаный мүйісі (жағажай), Тоқмақ (тасты жағажай), Кендірлі (демалыс базасы), Қарынжарық (ойпат, тұзды көл), Булыойық (үңгір).
Осы көз тартарлық жерлерді өз бетімен барып көру мүмкінді гі өңіріміздің туристік және рекреациялық әлеуетін дамытуға түрткі болып жаңаша қозғау салады. Себебі Маңғыстаудың көркем жерлерін көп адам естігенімен, бұл жерлерге жету жолдарынан көпшілік бейхабар.
Айта кетсек, 2GIS – мекемелердің толық анықтамасымен және навигаторымен қалалардың картасын біріктірген қалалық ақпарат қызметі. Қосымша интернетке қосылмай смартфондарда жұмыс жасайды, онлайн-нұсқалары жеке компьютерлерге де қолжетімді. 2GIS-те Ресей, Қазақстан және басқа елдердің 320 қаласы туралы ақпарат жинақталған.
2GIS – әлем бойынша 40 миллион қолданушысы бар ТМД елдеріндегі ең кеңінен тараған картографиялық анықтамалық қосымшалардың бірі. Әрі 2GIS-тің мобильдік қосымшасы тегін және Android үшін GooglePlay-ге және iOS үшін AppStore жүктеп алуға қолжетімді. Ақтау мобильдік қосымшасын компью терге және ноутбукке 2gis.kz. сайты арқылы тегін орнату мүмкіндігі бар. Осыған дейін 2GIS қосымшасын қолданып жүргендерге қалалардың тізімінен Ақтау қаласын белгілесе жеткілікті. Маңғыстаудың көз тартарлық жерлері 2GIS қосымшасының 40 миллион қолданушылар үшін қашанда қолжетімді болмақ.
Облыстың туристік әлеуеті туралы туризм бөлімінің басшысы Гүлсім Жариева кеңірек түсіндірді. Туризм статисти касына сүйенсек ішкі туризм бойынша келушілердің (резиденттер) саны 2017 жылдың ішінде 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108%-ға өсіп, 177 178 адамды құраған. Ал келу туризмі бойынша келушілердің (резиденттер емес) саны 2017 жылдың ішінде 2016 жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда 102%-ға өсіп, 28 726 адамға толған.
Бүгінгі таңда «Mangystau.Info» туристік-ақпараттық сайт пен «M-travel» мобильдік қосымшасын әзірлеудің 1-кезеңі аяқталып, базаны тиісті ақпаратпен толтырылым жұмыстары жасалынуда.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жаңаөзен-Жетібай тас жолында Toyota Avalon көлігі жанып кетті«Кез келген турист ол қазақстандық немесе шетелдік болсын облысымыздың тартымды барлық туристік жерлері туралы, тіпті, жергілікті қонақ үйлерін брондауға дейін ақпарат ала алады. Бұдан бөлек, 2018 жылға арналған жоспарға сәйкес біз мәдениет басқармасымен бірлесіп өңіріміздің барлық мұражайларына Q-код орналастыру бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Біз облысымызға келетін туристерге нақты көмекші болатын іс-шаралар туралы айтып отырмыз. Болашақта бұл жұмыстар жалғаса түседі», – дейді Гүлсім Жариева.
Сонымен қатар облыстық туризм басқармасы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетімен бірлесе өңірлер де туризмді дамыту жолдарын жаңартуды қолға алған. Гүлсім Омарқызының айтуынша, қазіргі уақытта өңірімізде 362 киелі жер және мемлекет қорғауындағы тағы да 13 мың мәдени ескерткіш бар, олар Ақтау қаласынан өте шалғай және автомобиль жолдарынан жыра орналасқан. Олардың барлығын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және туристерге қолайлы жағдай жасау үшін көп қаражат шығынын талап етеді және қысқа мерзім ішінде шын мәнінде, жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан 5 жыл ішінде нақты бірнеше аймақта қажетті инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беріледі.
«Алдымен Ақтау қаласының теңіз жағалауы аймағы назарға алынады. Ол жерлерде электр жарығының жүйесін, сумен және газбен қамту, кәріздік жүйе, сонымен қатар жолдардың жөндеу мен құрылысын салу жоспарлануда. Бұл – қонақ үй кешендері мен демалыс базалары құрылысын салу үшін инвесторларды тартуға мүмкіндік. Біз 23 жұлдызды деңгейдегі, яғни халыққа қолжетімді кешендердің құрылысын салуды қуаттаймыз», – дейді Г.Жариева. Қазіргі уақытта Ақтау қаласы әкімдігі жобалықсметалық құжаттамаларды әзірлеуде.
Екінші аймақ – Шопан ата, Бекет ата сағаналары. Бұл бағытта Бекет атаға дейінгі 100 шм жол учаскесінің асфальттау бойынша үлкен жұмыс басталған. Ата жолының 051 шм (1-кезең) республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген, 1-кезеңнің аяқталу мерзімі – 2019 жылдың қараша айына жоспарланып отыр. Үшінші аймаққа Маңғыстау және Түпқараған аудандарының аумақтары енгізілген.
Ауқымды жобаның 1-кезеңінде 15 нысан дамытылмақ. Олар – Шерқала тауы, Отпан тау, Көгез этноауылы, Айрақты-Шоманай-Бекет сайы, Торыштың шар тәрізді конкрециялары, Жығылған, Форт-Шевченко қаласындағы Мұрын жырау мұражайы. Осы нысандарға жол салу, электр жүйесін тартып, сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жұмыстар 2019 жылдың еншісінде.
Қалған Тамшалы, Самал, Саура, Көгілдір айлақ – 2-кезеңде жүзеге асырылады. (Мұның барлығы бюджетке тіреледі). Мәселен, аталған жобаларды жүзеге асыру үшін 10 млрд. астам қаражат қажет.
Брифинг соңында Маңғыстаудың сакралдық және тарихи-мәдени орындарының цифрлық картасы бойынша сұрақтарға жауаптар берілді. 2GIS-Ақтау компаниясы облыстың туризм басқармасымен бірлесіп мемлекеттік маңыз берілген «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бар мүмкіндіктерін пайдаланып жұмыс жүргізетінін жеткізді.
Жайық НАҒЫМАШ