©
"Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтауда орталық жолдар уақытша жабылады", - деп хабарлайды 7292info.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
2018 жылғы 4 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай Ақтау қаласының 12 шағынауданындағы Мемлекеттік ресми рәсімдер алаңында «Менің Қазақстаным!» патриоттық акциясының өтуіне байланысты сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін 14 шағынаудандағы «Qazkom» банкіне кіретін бұрылыстан 14, 11, 12 шағынаудандары қиылысындағы Т-бейнелі қиылысқа дейін жол жабылатын болады.