©
Құрметті отандастар, қадірлі жерлестер!
Айлардың сұлтаны әрі күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы да келді.
Баршаңызды қасиетті де ұлық Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Мұсылман баласын қуанышқа бөлейтін бұл ай елімізге, жерімізге құт-береке мен ынтымағын, ырысы мен берекесін ала келсін деп тілейміз.
Әуелі Алла тағаланың шексіз мейірім-шапағатымен еліміз өркендеп, аяққа нық тұрды. Әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның аты абыроймен атала бастады. Осындай биік белестерге жетуіміз Елбасымыз бастаған ел ертеңін ойлап, келешегі үшін қамданған азаматтардың арқасы деп білеміз.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстау театрына 15 жыл (ФОТО, ВИДЕО)Алла тағала баршамыздың ұстаған оразамыз бен жасаған құлшылық-ғибадаттарымызды және сауапты істерімізді қабыл еткей. Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! Асыл дінімізге қуат, халқымызға иман байлығын бергей! Ауызбіршілігімізді арттырып, тыныштығымызды тұрақты қылғай!
Қадірменді ағайын, тәуелсіз елдің көк байрағының астында бірлік пен тірлік қылып, достық пен ынтымақта ғұмыр кешейік.
Ата заңымызда атап көрсетілген, тарихымызда таңбаланған асыл дініміз Исламның құндылықтарын, ұлттың төл мәдениеті мен дәстүрін насихаттап, өз жолын көрсету – баршамызға ортақ міндет. Осы орайда қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға қол созып, қайырымдылық істеріне көптеп атсалысуға шақырамын.
Ізгі айдағы игілікті амалдарыңызға Алла сансыз сауаптар жазып, екі дүние бақытына бөлесін. Қасиетті Рамазан айы баршамызға құтты, берекелі, күллі мұсылман жұртшылығына қайырлы болсын! Оразаларыңыз қабыл болғай, әлеумет!
Маңғыстау облысының әкімі Ералы ТОҒЖАНОВ