Маңғыстау облысы ауруханасының директоры болып Болатбек Қаюпов тағайындалды.
Болатбек Амангелдіұлы Қаюпов 1969 жылы 18 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.
1993 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық университетінің емдеу факультетін тәмамдаған.
ЖОО бітірген соң Ақтөбе қалалық клиникалық ауруханасында, Орал клиникалық ауруханасында хирург болып еңбек етеді. Сондай-ақ М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясында ғылыми қызметкер болып, Батыс Қазақстан онкологиялық диспансерінде хирургия бөлімінің меңгерушісі, Астанадағы Қазақ мемлекеттік медициналық академиясында жетекші ғылыми қызметкер, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың Жасушалы технологиялар және трансплантаттау орталығының жетекшісі болып қызмет атқарған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қайқылардың сарқыты – Әсет әншіМедицина ғылымдарының окторы, Ұлттық ғылыми медицина орталығының профессоры. 62 ғылыми жұмыстың авторы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Маңғыстау облысының ауруханасына директор болып тағайындалғанға дейін Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иституты Дәрілік препараттарды клиникалық сынау орталығының жетекшісі болып қызмет етті.
Естеріңізге сала кетейік, «Маңғыстау облысының ауруханасы» ШЖҚ МКК бұған дейін Нұрлан Жеткізгенұлы Мұханов басқарған болатын.
Сурет Маңғыстау облысы ауруханасының сайтынан