©
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Маңғыстаудағы филиалының директоры болып қызмет атқарған Руслан Бектубаев Қызылорда облысына дәл осындай қызметке ауысты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Руслан Бектубаев 1959 жылы Ресей Федерациясының Астрахань облысында дүниеге келген. Медицина саласында 36 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ол өзінің еңбек жолын 1982 жылы қарапайым дәрігер болып бастаған. Бейнеу станциясындағы Маңғыстау станциясының тораптық ауруханасында бас дәрігер, Маңғыстау елдімекені емханасында бас дәрігер болып қызмет еткен. Маңғыстау облыстық қан орталығының директоры, облыстық туберкулезге қарсы диспансерде бас дәрігердің орынбасары сияқты лауазымды міндеттерді атқарды. 2011-2016 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып қызмет етті. Бұған дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры болып қызмет етті.