©
ҚР тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бүгінде мемлекеттік идеологиямызды жүзеге асыруға негіз болды. Соның аясында қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, «Туған жер» бағдарламасы бойынша республикалық деңгейде жүйелі жұмыс жасай бастауы біздерге, әрбір өңірлерде ұлттық идея тұрғысында жұмыстануға мүмкіндік берді.
Абай атамыз айтады:
«Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Одан да шықты жаңғырық...» – деп. Сол сияқты қуыс үйде тұрып айғайласақ, өз даусымыз өзімізге жаңғырығып естілетінін, құдыққа қарап дауыстасақ, жаңғырығы құлағымызға келетінін жақсы білеміз. Бірақ мұндай жаңғырық құбылысын жаңғыру үдерісімен шатастыруға болмайды. Әсіресе рухани жаңғыру дегеніміз – ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан болмысын, тарихи жадын серпілту. Ұлттық болмысын санада ояту.
Президент өз мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың алты бағытын айқындап берді. Олардың алғашқысы – Бәсекелік қабілет. Адам, оның бәсекелік қабілеті мен сапасы ұлттың табысты болуының факторларына айналады. Сондықтан Президент «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы да, үштілділік бағдарламасы да, мәдени және конфессионалдық келісім бағдарламасы да ұлтты ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындаудың бір бөлігі деп атап көрсетіп отыр. Екіншісі – прагматизм және реализм. Прагматизм мен реализм – таяу онжылдықтардың ұраны. Прагматизм – ысырапшылдықтың, астамшылдықтың, даңғойлық пен кердеңдіктің қарама-қайшылығы. Заманауи қоғамның мәдениеті – бұл ұстамшылық пен оңтайлылықтың мәдениеті, сән-салтанаттың емес, ауқаттылықтың мәдениеті. Үшіншісі – ұлттық бірегейлікті сақтау. Бұдан шығатын екі бұлжымас қағиданың алғашқысы – ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтамай, ешқандай жаңғыру мүмкін емес. Кейінгісі алға қарай қозғалу үшін ұлттың дамуын тежейтін өткеннің элементтерінен бас тарту қажет. Төртінші бағыт – білімнің салтанат құруы. Егер құндылықтар мен басымдықтар жүйесінде білім бірінші тұрса, онда ұлт табысқа жетеді. Бесінші бағыт – Қазақстанның эволюциялық дамуы. Тарихи тәжірибеміз бен өткенімізден сабақ алып қарасақ, жаңа ғасырда нақ эволюциялық даму қағида ретінде әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Соңғы бағыт – сананың ашықтығы. Барлық қазақстандық әлемде және өңірде не боп жатқанын көре білуге және түсінуге, өзгерістерге дайын болуға, жаһандық тәжірибені қабылдай және өз игілігіне пайдалана білуге тиіс. Өйткені санасы ашық адам ғана мына әлемдегі өзінің және жалпы ұлттың болашағын көре алады.
Ұлттық рухты көтерудің нақты жолдары мен шешімдері, басымдықтары мен таяу жылдарға арналған 6 міндеті де айқындалды. Олар: өлкетанулық негізде ұйымдастырылған «Туған жер» бағдарламасы арқылы туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікке бағытталған патриотизм мәдени-генетикалық кодтың негізін қалыптастыру; жаһандық әлемде заманауи қазақстандық мәдениетті ілгерілету; «Әлемнің 100 үздік оқулығы» жобасын іске асыру арқылы әлеуметтік және гуманитарлық білімге назар аудару; Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» және қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңімен көшіру.
Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжановтың 12.05.2017 ж. 23 н/қ өкімімен «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисі құрылып, құрамына тәжірибелі мамандар тартылды. Дәл осы өкіммен құрылған өңірлік сараптау кеңесінің құрамында ғылым мен білім, мәдениет пен өнер, БАҚ саласының мамандары, қоғам белсенділері, жалпы саны 25 адам жұмыс жасайды. Кеңес 2017 жылғы мамыр айынан бері 11 рет отырысын өткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ішіндегі арнайы жобаларды іске асыру, білім, мәдени іс-шаралар, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатымен Маңғыстау облысы әкімінің 29.08.2017 ж. 62/1 н/қ өкімімен құрылған өңірлік комиссияда 6 рет кеңейтілген отырыстар өткізілді.
Енді осы мемлекеттік бағдарлама қолға алынған бір жылдың ішінде өңір де атқарылған жұмыстардан өлке тұрғындарын хабардар қылу мақсатында барынша ықшамдап, жалпылама мәліметтерді назарға ұсынбақпыз.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы төрт кіші бағдарламадан тұрады және әрқайсысы бағытталған мақсатқа қол жеткізу үшін «Атамекен» – қазақстандықтардың азаматтық белсенділік пен жауап кершілік сезімін нығайту, туған өлкесінің тағдырына араласу; «Рухани қазына» – сыйластық дәстүрлеріне, жер мен ел тарихына, мәдениетіне қызығушылықты жаңғырту; «Тәрбие және білім» – жан-жақты әрі үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу; «Ақпарат толқыны» – бағдарламаны іске асыру барысы туралы халықты ақпараттандыру, азаматтардың қоғамдық мониторингі жүзеге асырылатын жобаларға қатысу үшін ақпараттық инфрақұрылымын құру деп бөліп қарастырамыз.
«Атамекен» кіші бағдарламасының мақсаты – табысқа жеткен өкілдер мен ауылдық мекендерден шыққан азаматтардың (бизнесмен, шенеунік, жастар және т.б.) көмегі мен аумақтарды инфрақұрылымдық қолдау; жергілікті биліктің бірлескен жұмысы, демеушілік көмекті қолдау мен тетіктерінің оңтайлы түрін іздеу. Бағдарламаның «Әлеуметтік бастамалар картасы», «Жомарт жүрек» атты екі базалық бағыты бар. Алғашқысы бойынша өңірлердің ұсынуымен реестрге енген барлығы 118 іс-шараның былтыр 59-ы жүзеге асырылды, биыл өтуі тиіс 59 іс-шара жоспарда тұр.
«Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағытының 7 бөлімі бар: 1. Интерактивті платформа – өңірлердің өзекті қажеттілігін анықтау, оларды шешу үшін азаматтардың белсенділігін ынталандыру арқылы жергілікті тұрғындардың бастамаларын қарқындату. Осы мақсатта 2017 жылы аяқталған 59 іс-шараның қаржысы демеушіліктен 11 млрд. 004 млн. 514 мың теңгені құрады. Оның 10-ы қаражатсыз орындалды. 34 іс-шара туралы мәлімет ресми ruh.kz сайтына жарияланды. Биылға жоспарланған 59 іс-шараның қаңтар-сәуір айлары аралығында 2-еуі жүзеге асырылды, қаржысы – 65 млн. 370 мың теңге (64 млн. 670 мың теңгесі – МЖМӘ, 700 мың теңгесі – демеушілік түрінде). Облысқа қарасты қалалар мен аудандардағы 50 орта мектеп спорттық инвентарьлармен, 4 арнайы түзету мектебі қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды.
Облыстық емханаларға қажетті медициналық құралдар алынып берілді. Ақтау қаласына воркаут, баскетбол, скейтпарк, футбол, стрейтбол, көше тренажерлары, балалар алаңдары тарту етіліп, «Шығыс» шағынауданында 500 орындық жас мамандарға арналған жатақхана пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласы үшін Каспий жағасындағы Фетисов аумағынан демалыс алаңы салынды. Гемодиализ орталығы қызметі ұйымдастырылды (2018) және қалалық денсаулық сақтау қызметкерлері автокөліктермен қамтамасыз етілді. 2. «Асар форумы» – мемлекет, коммерциялық емес сектор және бизнес әріптестігі бойынша жаңа өзара әрекеттестік алаңын құру. Осы орайда облыста «Асар» қайырымдылық акциясының екі кезеңі өтті. Бірінші кезең желтоқсан айында жарияланып, нәтижесінде 30 миллионнан астам қаржы жиналып, үш жарым мың отбасына (3500) көмек көрсетілді. Екінші кезең Елбасының жарлығымен жарияланған Алғыс айту күнінде «Жомарт жүрек» деген атаумен жалғасты. Оның аясында 25 млн. теңгеге 3 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасының қажеттіліктері өтелді. Наурыз айының соңында «Асар жомарт жүрек» қайырымдылық шарасы қортындыланып, жалпы сомасы 55 млн. теңгеге 6 300 отбасы көмек алды. Олардың қатарында ауыр сырқатқа шалдыққан сәбилер, балалар үйінің тәрбиеленушілері, қарттар үйіндегі қариялар, мүжәлсіз отбасылар, жалғыз басты аналар мен қамқоршысынан айырылған балалар бар. Бейнеу ауданында әлеуметтік жағдайы төмен 3 үйдің құрылысы аяқталып жылуы тартылды.
3. «Туған жерге тағзым» акциясы – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, өңірде туған азаматтар мен жергілікті бизнес есебінен әлеуметтік нысандарды, жаңа технологиялар тартуды қаржыландыру. Мәселен, Бейнеу ауданында ақын Е.Раушанов атамекеніне, Тұрыш ауылының түлектері туған ауылына «Демалыс паркін» тарту етті. Аудан орталығында «Жұбайлар бағы», Боранқұл ауылында 200 орындық спорт алаңы салынып, мектепке спорттық жабдықтар алып берілді. Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында «Азамат» спорт кешені, сауықтыру, жүзу бассейні; Жыңғылды ауылын да Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің жанынан баскетбол, волейбол алаңы салынды (2018). Т.Жалғасбайұлы атындағы Шайыр орта мектебінде «Жылы жүрек – жомарт қол» акциясы өтіп, кәсіпкер, меценат, осы мектептің түлегі С.Мұсабаев мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында 6 зейнеткерге 50 000; бүкіл мектеп ұжымындағы 100 адамға 25 000 теңгеден; мектептің өңірлік, республикалық сайыс жүлдегерлеріне тұрақты түрде сыйақы тағайындады және 2 млн. 500 мың теңгенің сертификатын мектеп ұжымына табыстады. Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында «Иса» спорт кешені, Басқұдық ауылында «Мұхамбет» медициналық орталығы салынды. Қарақия ауданының Құрық ауылында кәсіптік колледж студенттері өз қолымен жасаған бұйымдар мен құралдарын ауылға сыйға тартты. Сондай-ақ жұмысшыларға арналған 500 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Түпқараған ауданында Таушық ауылының Шахта орта мектебінің 1997 жылғы түлектері шағын саябақ тарту етті; Таушық ауылына әмбебап спорт алаңы салынды. 4. Краудсорсингтік алаң – әлеуметтік жобаларды іске асыруға қосымша интеллектуалды ресурстарды тарту. Бұл – биыл енді басталатын республикалық шара. 5. Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға бағытталған азаматтарды тартумен, оларға кеңес берумен айналысатын өңірлік ресурстық орталықтарды дамыту. Бұл да 2018 жылы басталатын республикалық шара. 6. Еріктілер корпусы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын жүзеге асыруға еріктілерді тарту. Осы бағытта былтырғы 1–15 қараша күндері облыстың барлық қалалары мен аудандарында ерікті қозғалысын құру, «Рухани жаңғыру – жастар керуені» экспедициясы ұйымдастырылды. Облыстың екі қала, бес ауданында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Халық батырларының ұрпақтары Ақтау қаласында қазақ күресінен Шоғы Мұңалұлы атындағы батыс аймақтық және халық батыры Шотан Назарұлын еске алуға арналған дзюдо күресінен республикалық ашық турнирлер өткізді. 7. Қала-аудандарда өңірден шыққандардың слеті мен форумы жоспарланып, меценаттардың қатысуымен әлеуметтік жобаларды іске асырудағы үздік тәжірибелерін тарату жүзеге асырылуда.
«Жомарт жүрек» базалық бағыты – белсенді азаматтар мен демеушілерді, үкіметтік емес ұйымдарды, еріктілер мен кәсіпкерлерді туған жерін дамытуға ынталандыру. «Жомарт жүрек» базалық жобасы бойынша облыстағы ең үздік көмек көрсеткендерді, яғни туған өлкесін, жалпы елін дамытуға нақты үлес қосқан азаматтарды таныстыруға бағытталған «Меценаттар мен қайырымдылық жасаушылар облыстық форумы» жыл аяғында өтті. Жалпы қала, аудандардан алынған мәліметке сәйкес өңірде 80-ге жуық демеуші, бастамашы, белсенді азаматтар бар.
«Рухани қазына» кіші бағдарламасының үш базалық бағыты бар: «Туған жер – туған ел», «Қасиетті Қазақстан», «Қазақстанның мәдени жетістіктері». Осы бағыттарда 2017 жылы облыстан 70 іс-шара ұсынылып, реестрге енді, 11-і орындалды, қаржысы – 106 млн. 340 мың теңге (36 млн. 740 мың теңгесі – ЖБ, 69 млн. 600 мың теңгесі – демеушілік есебінен). 2018 жылға жоспарланған іс-шаралар саны – 53, қаңтар-сәуір айлары аралығында орындалғаны – 3 (қаржысы – 13 млн. 500 мың теңге, ЖБ есебінен).
«Туған жер – туған ел» базалық бағыты – тарихи сананы және патриоттық рухты дамыту. Оның да «Мәдени даму», «Ішкі туризм», «Салауатты ұлт» атты үш бағыты бар. «Мәдени даму» – кітапханалар мен музейлер қызметін реттеу және жүйелеу. Бұл бағыттың өзі 4 тармаққа жіктеледі, 1-республикалық: 1. Музейлердің ұлттық рейтингі – музейлік кластерді дамыту аясында кешенді өлкетану жұмыстары. Маңғыстау облысында 6 музей, 66 кітапхана бар, реестрге енген 6 жоба 2018–2022 жылдарға жоспарланған. «Рухани жаңғыру – заман талабы» музейлердің мәдени-көпшілікшаралар циклы аясында «Әбіш әлемі» журнал-альманағы шықты. «Бағзыдан жеткен баба сарыны», «Ұлттық дастарханның ерекше мәзірі», «Ұрпаққа мирас-ұлттық киім» атты іс-шаралар өтіп, музей қорындағы тарихи ұлттық аспаптарда елге белгілі өнерпаздар халықтық музыкалық шығармаларын орындап, ұлттық киімдер мен ұлттық тағам түрлерінің ерекшелігі насихатталды. Бүгінде «Музей құндылықтарының қозғалысы мен есебінің автоматтандырылған жүйесі» бағдарламасын алу мен қондыру; Электронды сенсорлық киоскілер алу және орнату жұмыстары жүзеге асырылуда. 2. «Ауылдық мәдениет, демалыс және білім беру орталықтары» – ауыл кітапханаларын мәдениет пен демалыс орталығы ретінде модернизациялау. Облыста 50 ауыл кітапханасы бар, «Ұлт тамыры – рухани қазына» кітапханалардың мәдени-көпшілік шаралар циклы жоспарланып, бірнеше бағыттағы 45 ірі іс-шара өтті. Ардагер ұстаз О.Қосайдың «Кешені көрсін бүгінгі» кітабындағы ой-пікірлерін Елбасы мақаласымен байланыстыра өткен облыстық оқырмандар конференциясы, Балуанияз батыр мен Ермембет бидің 200 жылдығына орай «Ер баба рухына тағзым» тағылымдық тарихи кеші т.б. 3. Аймақтың мәдени өмірі – фестивальдер, көрмелер, конкурстар және т.б. реестрден тыс ірі шаралар: реестрден тыс орындалған іс-шаралардың бірқатары: «Отпан тау – рухани дәстүріміздің негізі» атты Амал мерекесі республикалық деңгейде тойланды; Ақындар Сабыр Адайдың шығармашылығына арналған «Алтынзер», Есенғали Раушановтың 60 жас мерейтойына орай «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ», Светқали Нұржанның «Бабатүкті боз дала» атты әдеби-шығармашылық кештері; Ұзақбай жырау Қазжанұлының 120 жылдық мерейтойына орай, «Жеті қайқы, бес жүйрік» өңірлік мәдени төлтума брендін насихаттау мақсатында республикалық «Жүйрігің едім өнерлі...» жыршылар конкурсы; Әзірбайжан, Иран, Ресей және Қазақстан елдерінен театр ұжымдары қатысқан Каспий жағалауы елдерінің I халықаралық театр фестивалі, А.Әшімовтің 80 жылдығына арналып ұсынылған Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» спектаклі қойылды. Жоспардағы «Мақамы мәшһүр Маң- ғыстау» атты Маңғыстау өңірінің дәстүрлі музыкалық мәдениетінің сайты; Мұрат Өскінбайұлы атындағы Халықаралық халық аспаптарында күй орындаушылар конкурсы; С.Қондыбайдың 50 жылдығына орай «С.Қондыбай шығармашылығы және XXI ғасырдағы гуманитарлық ғылымдардың жаңа парадигмалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы; «Түп-төркінін төрге оздырған Маңғыстау» этнографикалық фестивалі іс-шараларына қаржы бөлініп, биыл өткізу мерзімдері нақтыланды.«Ішкі туризм» – ішкі туризмді дамыту және халыққа таныту стратегиясын көздейді. Бұл бағытта «Көгез» этноауылы жобасы іске асырылды; «Экологиялық теңіз туризмі және Каспийдің экологиясын сақтау – болашақтағы жетістік кепілі» көшпелі халықаралық семинары өтті; Маңғыстау облысының туристік тартымдылығын арттыру мақсатында халықаралық туристік басылымдарда шет тілдерінде материалдар жарияланды; Халықаралық туристік форум; «Aktau City & Mangystau Tour» жобасы мен Маңғыстау облысы туризм басқармасының mangystau. info сайты және «MTravel» мобильдік қосымшасын әрі қарай жаңарту жұмыстары және туроператорлар, БАҚ үшін ақпараттық турлар ұйымдастырылды.
«Салауатты ұлт» – қоғамда салауатты өмір сүруге жағдай жасау, жарыстар өткізу және бұқара халықты спортпен айналысуға тарту. Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен шаһарда «Ұмытылған ойын – қайта оралған дәстүр» ұлттық ойындар циклымен «Қазандоп» ұлттық ойыны өтті, алдағы уақытта ойынды облыстық деңгейде өткізу жоспарға қойылды.
Қасиетті Қазақстан» – табиғи және мәдени мұраның ерекше қорғалатын ескерткіштері. Оның 9 бағыты бар, 5-еуі республикалық. 1.«Қасиетті Қазақстан» атты этномәдени экспедициялар: 2017 жылы 6 ғылыми-зерттеу экспедициясы өтті, оның үшеуі жаңа басталған ғылыми-археологиялық барлау жүргізу; 2018 жылы Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары (этнографиялық, этноархеологиялық, этимологиялық, топономикалық, тарихи-сәулеттік, арабографикалық) экспедициясын ұйымдастыру жобасы бар, қаржысы – 14 млн. 200 мың теңге. 15 қаңтарда Астанада өткен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының жүзеге асуы бойынша Маңғыстау облысынан өлкетанушылар А.Еділхан, тарихшы Н.Құлбаев, түркітанушы Б.Төлегенұлы «Үздік өлкетанушы» медалімен; О.Көшбайұлы Құрмет грамотасымен, С.Құдайберген алғыс хатпен марапатталды. 2. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бойынша шыққан «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары», «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» атты республикалық жинақ кітапқа өлкемізден жалпыұлттық маңызы бар 15 киелі нысан және жергілікті маңызы бар 28 киелі орын енді. «Маңғыстау аңыздары» атты төрт тіл- де (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) және көрнекті діни қайраткер Ержан (Ермұхаммбет) хазірет Төлегенұлының қолжазбасы негізінде «Өсиетнама» (ұрпаққа аманат) атты шағатай және қазақ тіліндегі аудармасы мен түсіндірме кітаптары шықты. 3. «Қасиетті Қазақстан» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында реестрде 2018-2020 жылдары «Арал-Каспий аумағының тарихи-мәдени мұрасы» атты III-IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу жоспарланды (2018 жылға 16 млн. 400 мың теңге ЖБ сұраныс енгізілді). 3.«Қазақстанның сакралды нысандары» бойынша реестрде 2018 жылдың мамыр айында «Қазақ мифологиясы» атты тұңғыш энциклопедиялық жинақ шығару (қаржысы ЖБ 26 млн. теңге) және С.Қондыбай туралы қазақ мифологиясының «Күнтекті қаһарманы» атты деректі фильм (қаржысы ЖБ 9 млн. 500 мың тг) шығару күтілуде. «Қазақстанның сакралды географиясы» интерактивті виртуалды карта бойынша реестрде 2018-2019 жылдары «Маңғыстаудың сакралды географиясы» атты интерактивті картасын жасақтау жоспарланды, оның бірінші кезеңіне 12 млн. 300 мың теңге қаржы ЖБ бөлінді. 6. Әлеуметтік желілерге арналған сакралды нысандар туралы бейнероликтер дайындалды. Бейнеу ауданының жерасты мешіттері туралы 6 сериялы «Аңыз өрген Үстірт мешіттері», «Үстірт құпиялары» экспедициясы; Маңғыстаудың киелі нүктелері жайындағы «Киелі Маңғыстау» бейнеролигі жасалды. 7. Сакралды нысандар туралы ғылыми-танымдық фильмдер циклін БҰҰ 6 тіліне аудару – республикалық деңгейдегі жоба. Бұл бағытта бізде реестрге енген үш кіші жобаның бірі Ұлы Жібек жолының Каспий маңы тармағында орналасқан Қызылқала қалашығын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бойынша құжаттамалары дайындалуда (5 млн.); 8. Визит-орталықтарын салу бойынша реестрде Ақтау қаласы; Шетпе ауылы маңы; Бейнеудегі республикалық жол өтетін аумақ; Шопан ата, Бекет ата жолдарында сервистік визиторталықтарын салу жоспарланған.
Қазақстанның мәдени жетістіктері» бағыты аясында Маңғыстау облысының шығармашылық ұжымдарының шетелге гастрольдік туры ұйымдастырылды. 2018 жылдың 21–27 наурыз күндері Беларусь Республикасы Могилев қаласында өткен «M.art.контакт – 2018» XIII халықаралық жастар театр форум фестиваліне Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драматеатры ұжымы Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» драмасымен фестиваль шымылдығын ашты.«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының 3 базалық бағыты: «Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным – тағдырым», оның 20 кіші бағыты республикалық деңгейде бекітіліп, шаралары белгіленген. Осы кіші жобалар аясында 2017 жылы облыстан 91 іс-шара ұсынылып, реестрге енді, оның 2017 жылы 50-і орындалды (қаржысы 94 млн. 500 мың теңге ЖБ). 2018 жылға жоспарланған іс-шаралар саны – 91, оның 7-еуі орындалды (қаржысы 6 млн. 594 мың теңге ЖБ). Осы шаралар бойынша өңірдің барлық білім беру ұйымдарында жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда:
«Өлкетану» базалық бағыты – туған жерін зерттеуге, жергілікті тарихи жобаларды жүзеге асыруға, дамытуға арналған белсенді ұстанымды қалыптастыру, оның 4 кіші жобасы бар. 1. «Алтын адам» – өлкетану бойынша оқулықтар шығару. 5–7 сыныптарға арналған (тарих, география және қазақ әдебиеті, музыка) пәндері біріктіріліп, өлке авторларының «Өлкетану» оқулығы дайындалды; Қолданыстағы «Маңғыстау әдебиеті», «Маңғыстау тарихы», «Маңғыстау географиясы». «Маңғыстау өсімдіктері», «Маңғыстау жануарлары» өңірлік оқулықтарды қайта өңдеп шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ғылыми қызметкері, өңірлік жобалық офис менеджері Бақтыбай Жайлаудың режиссерлігімен «Құлшар күйші» көркем фильмі түсірілуде. 2. «Менің Отаным – Қазақстан» – балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және жергілікті өлкелерді зерттеу, экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастыру. 2017 жылы «Менің Отаным – Қазақстан» атты жас өлкетанушылар мен туристердің республикалық слеті өтті. «Өлке сырлары» атты балалар мен жас өспірімдер туризімі және өлкетану орталығы ашылды, өңірдің тарихи мәдени орындарына 2017 жылы 32000, 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында 994 оқушы мен студентке экскурсиялар ұйымдастырылды. «Тарих мұрасы» – өлкетану тарихын, мәдениетін және туған өлкенің дәстүрлерін терең зерттеу. Өлкенің қоғам қайраткерлері, танымал тұлғаларына арналып мектептердің жанынан 35 өлкетану музейі ашылып, толықтырылуда. 4. «Табиғат бесігі» – туған жердің дамуына үлес қосу. Республикалық жас натуралистер және өлкетанушы-экологтар форумына облыстан 9 оқушы қатысып, «Жасыл экономика» бағытымен ІІ орынды иеленді. Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында теңіз жағасында туризм күніне арналған туристік слет өтті.
«Саналы азамат» базалық бағыты – өзін-өзі қалыптастыру және білім беруді қолдау арқылы қазақ стандықтардың мәдени танымын қалыптастыру. Оның 9 кіші жобасының 1-еуі республикалық. 1. Мамандықтар әлемі – болашақ мамандық таңдауда жеке тұлғалық және жеке ресурстарын ескере отырып кәсіби бағдарлау және түсінік жұмыстарын жүргізу. Жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының өңірлік және батыс аймақтық «Batysskills» чемпионаты өткізілді. 2. «Алтын қазына» – көркем сәндік өнер және қолөнер арқылы студенттердің шығармашылық әлеуетін, жеке қабілеттерін дамыту. Республикалық көрме байқауына облыстан 7 оқушы қатысып, «Ағашты, сүйекті көркемдеп өңдеу» номинациясынан І орын және «Шыныны көркемдеп өңдеу» номинациясынан ІІ орынды иеленді. 3. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» – озық жоғары технологиялық әдістер мен цифрлық технологияларды қолдана отырып техникалық шығармашылықты дамыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Техникалық шығармашылық және өнертапқыштық (робототехника, бағдарлама жасақтау, дизайн, авиамоделдеу және т.б.) республикалық байқауына 8 оқушы қатысып, «Үздік шығармашыл команда» номинациясы берілді. 3. «Дарындылар елі» – театрлық қызмет пен музыка арқылы моральдық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру және коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру. 2017-2018 жылдарға жоспарланған «Қазақстан балалары – шекарасыз әлемде» балалар кинофестивалі, «Менің елім – менің жерім» шығармашылық жобалар конкурсы өтті. 5. «Кітап – білім бұлағы» өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған кітаптың беделін көтерудің жаңа жүйесін құру. 2017 жылы «Қадірлі сыйлық» өз еркімен кітапханаларға кітап тапсыру қайырымдылық акциясы, «Bookworld 100 кітап» жобасы ұйымдастырыл ды. 6. «Вusiness» – оқушылар арасында белсенділікке, тәуекелдерді бағалау, жауапкершілік алу, шешімдерді қабылдау қабілеттілігін қалыптастыру. Колледждер арасында облыстық «Қаржы сауаттылығы» олимпиадасы өтті. 7. Отбасы әлемі – отбасылық құндылықтарды сақтау. «Үлгілі отбасы», «Үлгілі педагог отбасы», «Дені сау отбасы», «Педагогтар династиясы» облыстық байқаулары ұйымдастырылды. 8.«Ұлы Дала жастары» – ЖОО жастарының азаматтық сана мен «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы салауатты прагматизмді, шығармашылық және кәсіпкерлік ойлауды, үздіксіз білім алуға дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған трансформациясын қалыптастыруды көздейтін бағдарлама. Бұл бағытта Ш.Есенов атындағы КМТИУ ұсынған 16 жоба реестрге енгізіліп, 2017–2022 жылдары іске асыру жоспарланды, аталмыш жобалар бойынша қазірдің өзінде ғылыми басылымдарда 14 мақала жарияланды. 4 монография, «Үстірттегі көненің іздері» кітап альбомы шығарылды. «Қырымның қырық батыры» жырлар циклының Маңғыстаулық іздері» атты бейнеролик дайындалды. Бағдарламамен қолға алынған 11 магистрлік диссертация және дипломдық жұмыстар орындалып, оқу жоспарларына бағдарлама мазмұнын қамтитын 5 пән енгізілді. 2017 жылы 2 ғылыми тәжірибелік конференция өтті, 2018 жылы 6 конференция ұйымдастыру жоспарланды.
Латын әліпбиіне көшу тақырыбында түрлі форматтағы облыстық, республикалық деңгейдегі 14 іс-шара өткізілді. Латын әліпбиінің тиімді нұсқасын таңдауда маңғыстаулық ғалымдар белсенділік танытып, математик ғалым, өнертапқыш, ардагер ұстаз Қуантқан Ванов өз жобасын ұсынды. «Отаным – тағдырым» – жас ұрпақ бойына отансүйгіштік пен патриотизмнің жоғары деңгейін қалыптастыру. Оның 6 кіші жобасының 1-еуі республикалық. 1. «Ұстаз – өзгерістер елшісі» – біліктілікті арттыру жүйесі арқылы мұғалімдердің санасын жаңғырту. Бұл бағытта облыс әкімдігінің «Жыл адамы» конкурсының «Жыл мұғалімі», «Жыл тәрбиешісі» байқаулары мен 11 номинация бойынша премия сы ұйымдастырылды. 2. Балалар мен жасөспірімдер және еріктілер қозғалысын және қоғамдық бірлестіктерді дамыту бағдарламасы бағытында «Жас ұлан», «Алау» әскери-спорттық ойындары, «Патриоттық әндер» байқауы ұйымдастырылды. 3. «Сөз – тілдің көркі» – Қазақстандық классик қаламгерлер, қазіргі заманғы ақындар мен ойшылдардың шығармашылығын оқыту арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дамыту бағытында мәдени-көпшілік, қоғамдық жұмыстар тұрақты өтіп келеді. 4. «Өрле, Қазақстан!» – балалар мен жастардың мәдениет деңгейін арттыру, ұлттық рухты көтеру және білім беру ұйымдарының беделін жоғарылату. 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастар оркестрі және ансамбльдердің шеруі ұйымдастырылады. 5. «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты балалар бастамаларын қолдау арқылы көшбасшылықты, бәсекеге қабілеттілік, ұлттық сәйкестік, өзін өзі көрсету және шығармашылықты дамыту мақсатында ірі 2 іс-шара ұйымдастырылды.
«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасында «Ақпараттық қолдау» жобалары қарастырылған. Оның ішінде өңірлік телеарна базасында: 1. «Мәлім де беймәлім Маңғыстау – өңірдің қасиетті, киелі, тарихи орындары мен тарихи-мәдени ескерткіштері таныстырылып, насихатталып келеді; 2. «Полиглот» – Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлескен жобасы аясында, тіл үйренушілерге теледәріс мысалдармен, аудио және видео амалдармен жүзеге асырылуда; 3. «100 жаңа есім» – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан, әртүрлі сала бойынша жетістікке жеткен табыстылар тарихы жайында бағдарлама аралық хабары көрсетіліп келеді; 4. Ауылдың тыныс-тіршілігі туралы тұрғындарды ақпараттандыратын, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттайтын «Туған жер» патриоттық бағдарламасы аясында «Алтын қазық» бағдарламасы көрсетіліп келеді; 5. Қазақстанның Еңбек ері, халық жазушысы, абыз Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Әбіш әлемі» – дүниеге Әбіштің көзімен» бағдарламасы көрсетілуде; 6. Өңірге танымал жанұялардың мысалында отбасы құндылықтарын насихаттайтын «Әулет» бағдарламасы көрермен көзайымы болуда; 7. Ұлттық өнерді насихаттайтын «Ұлы Дала әуендері» бағдарламасы көрсетілуде. Сонымен бірге #өзелініңпатриоты хештегін қолдана отырып, облыста әлеуметтік осал топтарға көмек көрсеткен меценаттар жайында постар жарияланды.
Бағдарламаны ақпараттық қолдау мақсатында әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар ашылды. Облыс бойынша ауқымды ақпараттық сүйемелдеу нәтижесінде баспа бет терінде 2163 мақала, өңірлік интернет-ресурстарда жарияланған материалдар саны – 3257, телеарна эфирінде – 621. Сонымен қатар тұрақты түрде 20 бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылуда.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстауда оқушыларға смартфон ұстауға тыйым салынуы мүмкінРеспубликалық «Хабар» және «24Kz», «Қазақстан» телеарналарында: «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы бойынша «Агросектор», «Жерұйық», «Такая работа», «Өңір тынысы», «Большая страна», «Большие города», «Ел ішінде» телебағдарламаларының 30-ға жуық арнайы түсірілімдері ұйымдастырылды. «Қазақстан» телеарнасында – 138, «Хабар» телеарнасында – 117, «24kz» телеарнасында 184 сюжет көрсетілді.
Республикалық интернет-ресурстарда (Тенгриньюс, Законкз, Нұркз, Қазақпарат) 234 материал, республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Комсомольская правда», «Айқын», «Қазақстан-Заман», «Не хабар» газеттерінде 300-ге жуық мақала жарияланды. Сондай-ақ биыл бағдарлама бойынша қосылатын «Өзгерістерді өзіңнен баста» және «Іскер азамат – ел тірегі» атты жаңа екі бағыттың әдістемелік нұсқаулықтарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы әзірлеуде.
Елбасы мақаласының жарияланғанына бір жыл болып, атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алда жалғасатын жобаларды жүйелей келгенде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екінші кезеңінде атқарылар істер мен оларға қойылар талаптар бұрынғыдан да ауқымды, бұрынғыдан да маңызды боларын сезіне отырып, мемлекетіміздің мүддесі мен ұлтымыздың болашағы үшін жауапкершілікпен жалғастыра бермекпіз.
Осы орайда абыз ағамыз Әбіш Кекілбайұлы айтқандай: «Кешегіміз түгенделмей, бүгінгіміз бүтінделмейді. Бұл – өмір ақиқаты. Ал кешегіні түгендеу дегеніміз – ең алдымен, барыңды бағалай білу, ата-бабадан қалған рухани және материалдық мұраларды қалдырмай жинап, асылындай ардақтап, көздің қарашығындай сақтау, жақсылығын да, жамандығын да жасырмай алға жайып, ақыл таразысына тарту. Сонда ғана өткеннің дұрысы – өнеге, бұрысы – сабақ болмақ. Мұны жүзеге асыру бірегей бірдің, болмаса арнайы бір мекеменің ісі емес. Ол – елін сүйген, ұлтын сүйген жүректің, болашағым сәулелі болсын деген тілектің бірлігін биік мақсат арнасына түсірген көпшіліктің атқарар ісі».
Ендеше, «Рухани жаңғыру» – бүкілхалықтық бағдарлама. Олай болса, ортақ мақсатмұраттарымызға бірге жету үшін біртұтас ұлт болып бірлесе әрекет етіп, бірлігі жарасқан жұрт ретінде жұмыла жұмыстануымыз қажет.
Гүлайым АЗАН, Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің басшысы