©
Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Гүлзайда Төлеуғалиева мәлімдеді.
"Облыстағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 94,1%. Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 50,8 %", - деп атап өтті Г. Төлеуғалиева.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтау тұрғындары қазақ тілін тегін үйрене алады
Қазақстан Республикасының Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жайында баяндай келе, ол Маңғыстаудағы ауылдар мен көшелерге атау беру бойынша да тоқталып өтті.
«Маңғыстау ауданындағы 6 көше және 15 шағынауданға, Түпқараған ауданындағы 1 көшеге, Бейнеу ауданындағы 3 көше және 1 даңғылға облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысы берілді. Сонымен қатар, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Маңғыстау ауданындағы 1 білім беру мекемесіне атау беру жөніндегі құжаттар ұсынылды», - деді облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Г. Төлеуғалиева.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ