Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша барлығы 632 914 салық төлеуші тіркелген, оның ішінде: жеке тұлғалар - 573 574; жеке кәсіпкерлер - 43 705 (әрекетті - 41 312, әрекетсіз - 2393), заңды тұлғалар - 15 635 (әрекетті - 12 991, әрекетсіз - 2 644). Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департамент басшысының міндетін атқарушы Б. Қожахметов, «Нұр Отан» партиясы МОФ төрағасының бірінші орынбасары Н.Л.Тумышевтің басшылығымен өткен жиналыста мәлімдеді.
2017 жылы ішкі сауда айналымы, импорттық-экспорттық операцияларды қоса алғанда, 4 711 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде: экспорт 3 890 млн. АҚШ долл., импорт 820 млн. доллар.
Алдыңғы 2016 жылмен салыстырғанда ішкі сауда айналымы 16,7%-ға өсті.
Соңғы 3 жылдың есебіне сәйкес салық кірісі қарқынының төмендеуі байқалып келеді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша – 99,7%, ал 2016 жылы – 97,9%-ды құраса, бұл көрсеткіш 2017 жылы 0,6%-ға төмендеді.
Осыған орай «Нұр Отан» партиясы МОФ төрағасының бірінші орынбасары Н.Л.Тумышев сараптамалық топ құруды ұсынды. Арнайы топтың міндетіне салықтық берешектерді жою жұмыстары бойынша анықтау және жан-жақты ақпарат жинау, оның ішінде әлеуметтік салық, қоршаған орта эмиссиясының салығы және жеке табыс салығына қатысты жан-жақты ақпарат жинау жұмыстарының ұйымдастырылуы міндеттеледі. Эксперттік топтың құрамына Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысы Х. Нұрғалиева, Маңғыстау облысы қаржы басқармасының басшысы М. Әлбекова, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облысы филиалының бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы А.Ким, салық қызметінің ардагері М.Өтеғалиев, «Азаматтық құқық» қоғамдық қорының директоры А.Байбатырова, Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау президенті Н.Рафикова, «Ақтау Консалтинг Компани» ЖШС және Маңғыстау облыстық мәлихатының депутаттары кіреді.
Эксперттік топтың қорытынды отырысы ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін өткізу жоспарлануда.
Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі