Маңғыстауда алғыс айту күніне орай балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, колледж студенттері Елбасыға, ата-аналарына, ұстаздарына, достарына түрлі флешмоб қозғалыстары арқылы алғыс айтты.
Әлеуметтік желіге #2018mangystaualgysaitu хэштегімен 65 мыңға жуық видеороликтер орналастырылды.
Білім беру ұйымдарында «Рахмет, саған Отаным!», «Алғыста шек болмайды», «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз», «Тағзым саған,ұстазым!», «Жақсы сөз-жарым ырыс», «Алғысым шексіз ата-ана және ұстаздарға», «Бізге алғыс айтуға себеп бар» т.б тақырыптарда тәрбиелік шаралар, кездесулер өткізілді. Оған 3500-ден астам оқушылар қатысты.
Маңғыстау Туризм колледжінің 1-курс студенттері «Мейірімділік-рухани жан байлығы» атты қайырымдылық жәрмеңке ұйымдастырып, аз қамтылған отбасыларды азық- түлікпен қамтамасыз етті. Қайырымдылық шарасы аясында облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табысталды.
Маңғыстауда алғыс айту күнінде облыстағы білім беру ұйымдарының бастамасымен 957 шара ұйымдастырылып, 231 128 адам қатысты. Әлеуметтік қорғалмаған 67 отбасына көмек көрсетілді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі