©
Бүгін Ақтауда Алғыс айту мерекесі көпшілік мәдени-спорттық шаралармен басталды. Қала тұрғындары таңғы сағат 9-да теңіз жағалауында өткен жүгіруден марафонға қатысып, жұмыс күндерін сергек көңіл-күймен бастады. Марафонға оқушылар, жастар мен қатар жұмысшы жастар қатысты.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жас спортшылар мен бапкерлері, қала тұрғындары және мемлекеттік қызметкерлер барлығы 400-ге жуық адам жаппай жүгіруге ниет білдірген. Ең жас марафоншының жасы 7-де болса, ең ересек қатысушы 65 жаста.
Алғыс айту күні – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі іспетті. Елбасының өзі: "Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді", – деген болатын.
М. Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гумманитарлық колледжі студенттері осы күні Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану музейіне келіп, алғыс айтты.
Биыл үшінші рет аталып өтіп отырған мереке биыл жылдағыдан ерекше болып өтпек.
Ш. Есенов атындағы КМТжИ университетінде тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелелері басқармасының қолдауымен "Алғыс бәйтерегі" атты шара ұйымдастырылды. Университет оқытушылары мен студенттері оқу ордасының кіреберісіне қойылған ағашқа өздерінің тілектері мен алғыстарын жазып қалдырды. Бірі ата-анасына, бірі досына, енді бірі мұғалімдеріне оқытушыларына алғыс айтқан. Бұдан соң студенттер "Тал егу - сауапты іс" ұранымен тел егетін болады. Осы күні мектеп қабырғаларында "Ата-анаға алғыс" түрлі шаралар да жоспарланған.
Сонымен қатар Алғыс айту күні аясында осы жылы облыс көлемінде «Жомарт жүрек Асар» акциясы бастау алды.Естеріңізге сала кетейік, бүгін 1 наурыз күні «Абай» мәдениет кешенінде сағат 15:00-де «Мың алғыс» атты қайырымдылық концерт ұйымдастырылмақ. Билеттен түскен қаржы өлкедегі науқас балалардың емделуіне жұмсалмақ. Келіңіздер, көріңіздер!
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ, Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="49292,49290,49291,49296,49297,49298"]