©
Бейнеу ауданындағы «Бейнеуэнергосервис» мекемесіне өз алғысымды айтқым келеді. Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің политехникалық факультеті электр энергиясы мамандығының 2 курс студентімін. Мен университетте берген теориялық білімімді толықтырып тәжірибеден өту мақсатында Бейнеу аудандық «Бейнеуэнергосервис» мекемесіне келдім. Көзбен көріп, қолмен ұстап көптеген қызықты оқиғаларды бастан өткіздім. Соның бірі Бейнеудің сарышұнақ аязына қарамастан, бой жылытып жылы су ішпестен, басқа да қиындықтарға қарамастан ауыл іші, шет ауылдарды аралап жарықпен қамтамасыз етіп жүргеніне куә болып бірге тоңдым. Бұл мекеме қызыметкерлері өз ісін жетік меңгерген, барлық тәртіпті сақтайтын, өз ісін сүйетін жандар екен маған үлгі бола алды. Ұжымның ауызбіршілігі бір екенін дәлелдеді. Мені жылы қабақпен қарсы алып, бар білгенімен бөлісіп, өзі қатарлы әріптес ретінде қарағаны қуантты. Оның барлығын көре отырып мен өз мамандығыма деген қызығушылығым одан әрі арта түсті. Себепкер болған мекеме басшысы Мереке Алланазаров, бөлім басшысына, техникалық бөлім мен бригада құрамдарына өз алғысымды айтамын. Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс тілеймін!
Аман МАХУТ