"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшада «Біз адамдар - біз біргеміз!» қайырымдылық қорының қолдауымен «Туған күніңмен» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шарасы «Біз бақыттымыз» бейнебаянын тамашалаумен басталып, туған күн иелері ортаға шақырылды. Ашылу салтанатының құттықтау сөзі балабақша директоры Шамшакуль Базарқызына беріліп, балаларға арналған ақ тілекті Құрылтайшы қайырымдылық қорының директоры Ранида Амиржанова жалғастырды.
Акцияда тәрбиеленушілер атынан туған күн иелеріне музыкалық сәлемдеме ретінде Жәлел Қуандықұлы мен Әнуар Жанахановтың «Әрқашан күн сөнбесін» әнін Санжар Алмазұлы, Анель Орақова, Эльдар Балабеков триосы, «Сыбызғы» биін тәрбиеленушілерден құралған бишілер тобы, Бота Бейсенова «Туған жердей - жер болмас» әнін Айша Мизамбай, «Анашым, қартаймашы» Қыдырәлі Болмановтың әнін Райымхан Тұрсынбек, «Туған ел» Бота Бейсенованың әнін Санжар Алмазұлы, Анель Орақова орындады.
Жиналғандар В.Г. Сутеевтің «Саңырауқұлақ астында» ертегісі қуыршақ театры ұжымының, «Біз адамдар – біз біргеміз » қамқоршылық қорының концерттік құттықтауын, Т. Толқынқызы мен Ш.Ахметованың «Армансыз күндер болмайды» әнін А. Джулбаеваның жетекшілігімен Санжар Алмазұлы мен Анель Орақованың орындауында тыңдады.
Аниматор қойылымы үстінде Александр Сковердяканың «Берегите птиц» өлеңін Эльдар Балабеков, Бекзат Берікболовтың «Жан анама» өлеңін Сұлтан Көркем мәнерлеп оқыды.
Шарада «Қайырымдылық қорының» директоры Имангазы Досмухамбетов, Рустам Нуретдинов, Аббат Урисбаев,Хитеш Вододария Чандра секілді кәсіпкерлер туған күн иелеріне тәттілер, жеміс-жижектер тарту етті.
Үміт ЖӘЛЕКЕ