©
Бұл туралы бүгін облыс тұрғындарының алдында есеп берген Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, былтыр облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2 307,4 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 100,1% құраған.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 82,2%-дан 101%-ға дейін өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 98,8%-дан 100,1%-ға дейін артты. 2016 жылға қарағанда 17,6% өсіммен 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Орта және шағын бизнес субъектілерінің саны 3 мың бірлікке артып, 47 мыңға жетті.
- 2017 жылы Президент әкімшілігі тұңғыш рет өңірлер арасында бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингісін өткізді. Рейтинг қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы 12-ші орыннан 2-ші орынға шықты, - деп атап өтті облыс әкімі.
Ауыл шаруашылығы секторында 14 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, саланың нақты көлем индексі 108,2% құрады. Бұл - республика өңірлері арасында даму қарқыны бойынша бірінші көрсеткіш.
Жыл басынан бері 31 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0%-дан 4,9%-ға, жастар арасындағы жұмыссыздық 5,1%-дан 3,5%-ға дейін төмендеді.Сурттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="48835,48865,48866"]