©
Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
18 ақпан күні сағат 15.00 шамасында "Ақтау - Шетпе - Сайөтес - Бейнеу - Доссор" автожолының 449/353 шақырымында «Ман-19360» маркалы автокөлік пен «Тойота-Хайлюкс» маркалы автокөлік соқтығысқан.
- Жол-көлік апатының салдарынан «Тойота-Хайлюкс» көлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, жүргізуші мен бір жолаушы түрлі деңгейдегі жарақаттармен Бейнеу аудандық орталық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады аталған облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда осы үш адам қаза тапқан жол-көлік апатына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Сурет сайттың архивінен