Жуырда төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, қыс кезеңіне басқару органдарын, азаматтық қорғау күштері мен құралдарын дайындау мақсатында «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті.
«Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында өткен оқу жаттығуға барлық қалалық, аудандық әкімшіліктер, облыстық 15 азаматтық қорғаныс қызметтері, қалалық шұғыл әрекет отрядтары қатысты.
Жылдық дәстүрден жаңылмай, қыстық кезеңге азаматтық қорғаныс қызметтерінің дайындығы пысықталып, олардың іске мығымдылығы, машықтары мен техникалары тексерілді. Бұл тексерістің мақсаты – қыс кезеңіне техникалардың әзірлігі, өзекті мәселелерді анықтау және оны шешу жолдарын табу болды.
Тексеріске облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов қатысып, білікті мамандармен танысып, төтенше жағдайларда қолданатын көліктер, техникалар, құрал-саймандарды көріп шықты.
Оқу жаттығуға 200-ге жуық маман қатысып, 70 техника көрсетілді. Мұндай жаттығу барлық облыстарда ұйымдастырылды. Онда қыс кезеңінде қауіп туындағанда алға қойылған міндеттерді жедел орындау үшін жұмыс істеу режимін жоғары дайындық режиміне ауыстыру, төтенше жағдайды жоюға халықтың әзірлігі мен мүмкіндігі деңгейін арттыру, көлік магистральдары мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бұзылған жағдайда төтенше жағдайлар қызметтерін басқару бойынша жұмыста үйлесімділікті жетілдіруді жүзеге асырды.
Тағы оқыңыздар: Ақтау теңіз портында «Жер» штабтық жаттығуы өттіЖаттығуға дайындық кезінде Департамент ғимаратында жедел штабы құрылып, онда төтенше жағдайлар комиссиясы және облыстық төтенше жағдайлар қызметінің жедел топтары жұмыс жасады.
Азаматтық қорғаныс басқарма органдарымен жұмыс жиналыстары өткізіліп, қатысушылар тізімі, арнайы тактикалық жаттығулар дайындалды. Ұқсас іс-шаралар облыстың барлық аудандарында өткізілді. Сондай-ақ жаттығу жоспарына сәйкес «Жылу құбырларындағы аварияларды жою» тақырыбында арнайы тақтикалық жаттығу, «Көп қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде адамдарды құтқару және өртті жою» тақырыбында өрт-татикалық сабақтар өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Қыс-2017» оқу жаттығуы нәтижелі болды. Барлық мамандар біліктілігін арттырып, техникаларының әзірлігін пысықтап шықты.
Ханым ҚУАТ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="42112,42111"]