Ақтауда ақындар айтысы өтті
[ 2017 ] 23 қыркүйек, 12:24 | Маңғыстау жаңалықтары
Маңғыстау облысының орталығы Ақтауда қала күніне орай қалалық жас ақындар айтысы өтті. Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен "Ақтау - арман қала" атты шараға 14 пен 29 жас аралығындағы айтыскерлер қатысты.
Жас айтыскерлерге суырып салма өнердің майталмандары, жазба ақындар мен өткір сөз бен ұшқыр қалам шеберлері - Ерекен Қорабаев, Алмас Алтай, Асылбек Жаңбырбай, Фархад Мұсаев жəне Жұмагүл Мұрсалова қазылық етті.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Ақтау күнінде өткен айтысқа сегіз жас ақын қатысып, Ербол Жұмаханов жеңіске жетті. 1-жүлдені Зейнетолла Қосымбаев жеңіп алса, екінші, үшінші орындарды Алшынбек Мұқанғалиев пен Мəдиасқар Қанжарұлы иеленді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, айтысты өткізудегі мақсат - талантты, дарынды жас ақындардың ақындық шеберлігін шыңдап, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау, қолдау көрсету.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="36759,36758,36761,36757,36756"]
1597
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.