Бүгін мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында «AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Ақтау қалалық мәслихат депутаты А.Шамшадинова,«AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрайымы Н.Сейдалыева, Ақтау қалалық мәслихат детутаты Е.Сыражанов, әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі С.Карипов «КазАзот» АҚ қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Жолдаудың маңыздылығы мен 6 қазан күні өткен партияның кезектен тыс XXIV съезі мен халықтық коалиция форумының қорытындысы бойынша да пікірлер айтылды.
«АAMANAT» партиясының атқарушы хатшысы А.Шамшадинова жолдаудың басым бағыттарын қысқаша баяндап, жолдауға байланысты өзіндік тұжырымдаламаларын, жаңа реформада еліміздің дамуына бағытталған көптеген жақсы өзгерістер бар екендігін, партияның жаңа саяси тұғырнамасын кеңінен түсіндірді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әрбір адамның үлес қосуы маңыздылығына тоқталып, жолдау аясында бірге жұмыстануға шақырды.