Мұнайлыда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы ер адам ұсталды. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген тінту барысында азаматтан «марихуанаға» ұқсас есірткі заты мен қағазға оралған үш дана көкөніс дәні тәркіленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық ПД-ға сілтеме жасап.
Сонымен қатар тұрғылықты жері бойынша ауланы тексергенде полиэтилен пакеттерде сақталған 10 дана «марихуана» және 30 дана дән, сондай-ақ жасыл түсті есірткі заттары табылып, тәркіленді. Есірткі заттарын өсіруге арналған 15 дана арнайы жарық анықталды. Тәркіленген он марихуананың салмағы - 8 келі 360 грамм.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Құрамында өсіруге тыйым салынған есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша ҚР ҚК-не тіркелді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.