14 шағынаудан жағалауындағы полиция бекеті жанындағы қоршауларды белгісіз біреулер қиратты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы таңертең жағалау бойымен жүгіруге шыққан қала тұрғындары айтты.
Еске салайық, бұған дейін де қала тұрғындары вандалдардың әрекетіне бірнеше рет шағымданған болатын. Бейнебақылау камералары жайлы айтып, бірнеше рет жауапты мамандарға сұрақ қойған. Алайда баяғы жартас сол жартас.