Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі атап өткендей, әлеуметтік желілерде есірткі таратушыларды жазалау деп аталынатын видеолар тарап жатыр. Екі видеоға түсірілген оқиға мамыр және маусым айларында Ақтауда орын болған. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта үш жәбірленуші мен жеті күдікті анықталды. Олардың төртеуіне қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алу таңдалды. Олар қылмыстарын мойындап отыр. «Жасаған қылмысы үшін олар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінді брифингте.
Ағымдағы жылы полицейлер есірткіге қатысты 4,5 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, оның 959-ы есірткі сату.
Заңсыз айналымнан 5,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Синтетикалық есірткіні тәркілеу соңғы уақытта екі есеге өсіп, шамамен 90 келі тәркіленген.