Алғашқы қазақ фильмі "Амангелді" деп аталады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Ленфильм" киностудиясында түсірілген фильмде ұлы батыр Амангелді Иманов туралы баяндалады. Режиссер Марк Левин, ал Амангелді рөлін актер Елубай Өмірзақов сомдады.
Қазақ киносының одан әрі дамуы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары болды. Алматыда "Ленфильм" және "Мосфильм" киностудиялары жұмыс істей бастады.
1941 жылы 12 қыркүйекте Алматы қаласында көркем және деректі фильмдер студиясы фильмдер түсіруді бастады.
Кейін ол "Қазақфильм" деп аталды.
Қазақстандық Кинематографистер одағының жетекшісі Бауыржан Нөгербеков 2005 жылы 12 қыркүйекті қазақ киносы күні деп атауды ұсынды.