Жаңаөзен қаласының тұрғындары арасында "Асық рarty" ұйымдастырылды. Шараға 20-ға жуық ойыншы қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қатысушылар 3 топқа бөлініп, тартысты ойын көрсетті. Жалпы есеп бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар құнды сыйлықтармен марапатталды.
Ұлттық ойыннан жарысты "Korkem Alem” компаниясы ұйымдастырды. Негізгі мақсаты - асық ойынын балалар арасында насихаттау. Енді асық ойыны әр апта сайын өткізуді дәстүрге айналдырмақ.