Ақтау қаласы бойынша суару жүйесін орнату жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл басынан «Green City Aktau» ЖШС қала аумағындағы жасыл желектерді суару үшін 20 шақырым құбыр жүргізді.
-Енді су құбыр арқылы тасымалданады. Бірте-бірте біз жасыл желектерді суарудың осы жүйесіне көшеміз. Бүгінгі таңда қаланың жеті шағын ауданы бойынша салынған құбыр желілерін жер астына көму жұмыстары жүргізілуде. Суару құбырларды төсеу есебінен, суару жұмыстарына тиімділігі бар екені анық. Бұл суару жүйесі үнемді, - дейді директор Айбек Ерболеков.
Қазіргі таңда, суару құбырларын жүргізу және көму жұмыстары 1,1А,2,3,3А, 6 және 8 шағынаудандарда жүргізіліп жатыр.