Маңғыстау облысындағы Атамекен ауылында Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өз-өзіне қол жұмсамақ болған 24 жастағы жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға күні кеше, 6 қыркүйек күні сағат 12.15 болған. Ұлттық ұлан әскери қызметшісі ефрейтор Арман Мұрзамұратов кезекті жауынгерлік қызметтен шығып үйіне келе жатқан жолда, Атамекен ауылының 37-аймағында орналасқан төртқабатты үйден іттісекіргелі тұрған ер азаматты көреді. Сәл кідіріп, әрекетін барлағанда оның шынында өлімге қадам жасамақ болғанын сезеді.
Ефрейтор Мұрзамұратов еш ойланбастан санаулы секундта жоғарғы қабатқа көтеріледі. Техникалық қабаттың кішкентай терезесі ернеуінен шатырға шығып, әлгі ер азаматтың артынан ақырын келіп, қолынан ұстап алады. Қарсыласқанына қарамастан, мықтап ұстап қауіпсіз жерге алып шығады да, полиция қызметкерлеріне хабарлайды.
Қазіргі уақытта 24 жастағы жергілікті тұрғынды мұндай әрекетке не итермелегені тергеліп жатыр. Полиция қызметкерлері жағдайдың мән-жайын анықтауда.