Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер аумағында жол желістеріндегі қозғалысты реттеуші техникалық құралдарының жай-күйі балалардың қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында тексерілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Ақтау қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірігіп Ақтау қаласында орналасқан мектептердің аумақтарына жаңадан 52 жол белгісін орнатты.
Сонымен қатар мектептер мен балабақшаларға жақын орналасқан жолдарға 40 жаяу өтпе сары түсті инновациялық түріне өзгертіліп, 19 жаяу жүргіншілер өтпесі алдына «40 жылдамдық/сағатына» жылдамық шектеу белгілері және «Балалар» ескерту суреттері асфальт жабыны бетіне салынды.
Сондай-ақ, Ақтау қаласы ПБ полиция қызметкерлерінің тексеру нәтижесі бойынша кемшіліктерді жоюға 39 тексеру актісі жасақталып, жауапты мекемелерге 14 нұсқаулық жолданды.
Мектептер аумағында жол инфроқұрылымын дамыту мақсатында Ақтау қаласы әкімдігіне 2 ұсыныс жолданды.