Ақтау қаласының алаяққа алданған тұрғыны полицияға арызбен жүгінген. Ағымдағы жылдың сәуір айының 25-і күні алаяқ оны оператор мамандығына жұмысқа кіргізіп беремін деп алдап, 1 000 000 теңге ақшасын аудартып алып, уәдесінде тұрмаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен 34-жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.