Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 16 жастағы кәмелетке толмаған баланы анықтап, ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
2022 жылы 20 тамызда таңғы сағат 05:00 шамасында Ақтау қаласының 6-шағын ауданында күдікті тұрғынға шабуыл жасап, оны ұрып-соғып, "Samsung Note 10"маркалы телефонын алған.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабының 1-бөлігі (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық ұрлау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.