Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Маңғыстау облысы Полиция Департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп Ақтау қаласындағы №55 жолдың ХГМЗ жол қиылысында жол таңбалары өзгертілгендігін хабарлайды.
Аталған жол қиылысында «Адай» базасы бағытынан келетін көліктердің қозғалыс бағыты өзгертілгендігін және «Оңға бұрылу» жол белгісі қойылғандығын ескетеміз.
Жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері сақтап, абай болуды сұраймыз.