Бұл туралы қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Шамурайт Шәменов мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Квазимемлекеттік сектордың есепшісі тексерумен келген ішкі мемлекеттік аудит бөлімінің қызметкеріне 50 000 теңге көлемінде ақша берген. Аудитор бұл жағдайды дереу басшыға жеткізіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласты», - деп атап өтті департамент басшысы.
Нәтижесінде, заңсыз сыйлық жасаған есепшіге ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті жеке тұлғаларға 200 АЕК – 690 мың теңге көлемінде заңсыз материалдық сыйақы беруді бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп бұзған есепші айыппұл төлейді.
Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшінің қарамағындағы қызметкерлерден немесе оның лауазымдық өкілеттіктеріне жататын басқа да тұлғалардан сыйлық алуға құқығы жоқ екенін ескертеді.