28 шілде күні сағат 15.20 шамасында Ақтау-Атырау тас жолында Mercedes-Benz S320 және Lada Priora маркалы екі автокөліктің қатысуымен жол апаты болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, оқиға орнына тексеру жұмыстары жүргізілуде. Мән-жайлар анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.
Ал куәгерлердің айтуынша жол апатынан үш адам қаза болған.
- Lada Priora көлігіндегі кішкентай қыз бала қайтыс болған. Рөлдегі жүргізуші қысылып қалған, бір адам сыртында жатыр (ред), - дейді куәгерлердің бірі whatsapp мессенджерінде тараған аудиохабарламада.
Полицияның баспасөз қызметі оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмысын аяқтаған соң нақты ақпарат беретінін мәлімдеді.