Мұнайлы аудан әкімі Ержан Күмісқалиевтің өкімімен Мустафаев Нұрхан Алиханұлы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұстафаев Нұрхан Алиханұлы 1982 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген. Білімі жоғары.
2003-2004 жылдары "Руханият" халықаралық Түркістан гуманитарлық институты филиалының заңгерлік кафедрасында әдіскер;
2004-2005 жылдары Қазақ Кәсіптік колледжінің оқытушысы;
2006-2009 жылдары Маңғыстау облыстық соттар әкімшісінің Ақтау аумақтық учаскесінің сот орындаушысы;
2010-2012 жылдары Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2012-2013 жылдары Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе селолық округінің әкімі орынбасары;
2013-2016 жылдары Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе селолық округінің әкімі;
2016-2018 жылдары Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы;
2019-2020 жылдары Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, камералық бақылау бөлімінің басшысы;
2020 жылдан осы уақытқа дейін Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.