Ертең Ақтауда сағат 10:00 бастап электрдабылдары іске қосылады. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ертең азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіледі.
- «Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы қауіп төнген немесе төтенше жағдай туған кезде барлық шұғыл хабарламаны жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін беріледі, - дейді мамандар.