Халыққа қызмет көрсету орталықтарында биыл 4 айдың ішінде онлайн қосымшалар арқылы 10 мыңнан астам туу туралы куәлік берілген. Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі де сұранысқа ие, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Осы төрт айда филиал бөлімдері арқылы — 262 422 мемлекеттік қызмет, оның ішінде электронды түрде — 401, қағаз түрінде 262 021 қызмет көрсетілген.
— Осы жылы тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі сұранысқа ие. Сонымен қатар, баланың туылуын тіркеу, жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындау, баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындау қызметтері бойынша да сұраныс бар. Биылғы жылдың 4 айында онлайн, проактивті және екінші деңгейлі банктер қосымшалары арқылы сәбидің 10 мыңнан астам туу туралы куәлігі берілген. 5580 жас ана бала туғаны үшін бір ретік және оның бір жасқа дейінгі күтіміне тиісті жәрдемақыларды алған. Ал 774 асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы әлеуметтік төлем тағайындалған, — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Маңғыстау облыстың филиалы сапаны бақылау басқармасының басшысы Ақмарал Абдуллаева.
Спикердің айтуынша, былтыр халық арасында мүлкінің бар немесе жоқтығы туралы анықтама, соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтамалар көп алынған.
Сонымен қатар, аталған қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы ЭЦҚ көмегімен немесе мобильді азаматтар базасында тіркелгендер проактивті форматта СМС-хабарлама арқылы және екінші деңгейлі банктер қосымшасы арқылы (Каспий, Халық банк) алуға болатынын да айтып өтті.
— 2021 жылдың төрт айымен салыстырғанда мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызмет санының төмендегенін атап өту қажет. Осылайша, көрсетілген қызметтердің жалпы саны 52 мыңға кеміді, ал электронды түрде 168-ге төмендеді. Бұл көрсеткіштер жылдан жылға атқарылған жұмыстың нәтижесінде сервистер мен интеграциялар санының 2 есе артқандығын көрсетеді, — деді Ақмарал Абдуллаева.
Сондай-ақ, оңтайландырылған қызмет түрлеріні де тоқталды.
— Ел тұрғындары үшін ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі одан да қолжетімді және ыңғайлы болды. Бейне тексеру сервисі - Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде QR -кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндігін береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді. Сондай-ақ, банк қосымшаларының көмегімен автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу сервисін іске қостық. Енді клиенттер бұл қызметті алу үшін автоцонға бармай-ақ, онлайн режимде рәсімдей алады. 2022 жылдың 4 айында 15 594 көлік онлайн тіркелді, - деді спикер.