Бүгін 5 маусымда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев дауыс беретін учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды, Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысының барлық жерінде референдумға дауыс беру жалғасып жатыр. Аймақ басшысы 14 шағынаудандағы №1 орта мектепте орналасқан №31 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Аталған учаскіде 1628 адам тіркелген.
- Бүгін бәріміз үшін маңызды күн. Референдум елдің дамуына, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастардың жақсаруына ықпал етеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бүгінгі таңда дауыс беретін тұрғындар еліміздің қоғамдық өміріндегі үлкен өзгерістерді болжайды, адам құқықтарын алдыңғы орынға қояды. Бүгін референдумға қатысқандардың барлығы жарқын болашақ үшін дауыс береді, - деді Нұрлан Ноғаев.