Ақтау қаласындағы №31 референдум учаскесінде ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Магомед Кургулиев дауыс берді.
"Референдумға қатысып, ел тағдыры үшін маңызды шешімді бірге қабылдауға келдім. Бұл - Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған жарқын қадам. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіреді. Мен баршамызға ортақ Отанымыздың болашағына сенемін",-дейді ол.
Учаскеде 4 байқаушы бар.
"Байқаушылар референдум комиссиясы жұмысына араласпайды, дауыс беру барысын қадағалайды. Заң бұзушылықтар тіркелген жағдайда комиссия төрағасына хабарланады",-деді "Ақ жол" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының Гүлмайса Шаңбаева.
Облыстық референдум комиссиясы мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар сайлау заңнамасының барлық нормаларын мүлтіксіз сақталауын қамтамасыз етуде.