Мұнайлы ауданында референдумға қатысатын мүгедектер үшін инватакси қызмет етті. Инватакси мүгедектерді үйінен референдум учаскесіне жеткізіп, қайта үйіне апарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұнайлылық І топтағы мүгедек Жарылғап Жиенбаев арбада отырса да референдумға қатысып, белсенділік танытты.
- Ата заңымызға өзгеріс енгізу халықтың ықпалында. Сондықтан мен де бүгін азаматтық позициямды білдіріп, дауыс беруге келдім. Елімізде бейбітшілік пен ауызбіршілік болсын, - дейді Жарылғап Жиенбаев.