ҚТЖ “Жүк тасымалы” Маңғыстау облыстық бөлімінің директоры Нәжімедин Ғұбашев референдумға Мұнайды ауданының 193-учаскесінде қатысып, өз таңдауын жасады. Оның пайымдауынша, бүгінгі күн Қазақстан үшін өте маңызды кезең.
- Референдум мемлекетіміздің нығаюына тың серпін береді. Сондықтан әрбір азамат, әр отбасы бақытты өмір сүру керек. Бұл - жаңа белес, жаңа серпін, жаңа тағдыр және ұлттығымыздың бірлігі мен ынтымағы, - деді ҚТЖ “Жүк тасымалы” Маңғыстау облыстық бөлімінің директоры Нәжімедин Ғұбашев.