Бүгін Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 1 маусым балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шараға облыстық балалар ауруханасында емделіп жатқан балалар қатысты. Оларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында медбикелер мен балалар ән айтып, би билеп, қоғамдық серіктестік өкілдері сыйлық таратты.
"Бүгінгі шара облыстық балалар ауруханасы ұжымы және "Саған сенемін" қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Ал шараға қатыса алмай, бөлімшеде емделіп жатқан балаларға арнайы сыйлықтарымызды бердік. Қазіргі таңда емделуші балалар асфальтқа сурет салудан байқауға қатысып жатыр", - деді облыстық балалар ауруханасының директоры Гүлжан Ермекбаева.
Оның айтуынша, қазіргі таңда балалар ауруханасында 250-ге жуық бала емделіп жатыр.
Мерекелік шара ата-ана көңілінен шықты.
"Бүгінгі шара өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Мейірбикелерге, аурухана басшылығына алғыс айтамын. Ауруханада емделіп жатқанымызға 10 күннен асты. Енді мереке қарсаңында үйге шықтық", - дейді қала тұрғыны Раушан Найыпова.