1 маусым күні Балаларды қорғау күніне орай Ақтаудағы №3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шараны ұйымдастырушылар, балалар шығармашылық ұжымдары мен жергілікті әртістер мүмкіндігі шектеулі жандарға ұмытылмас күн сыйлады. Барлық баланың көңілі көтеріліп, сыйлықтар, марапаттар алды.
- Мерекені Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырды. Іс-шара аясында біздің балалар Ақтаудағы ойын-сауық орталықтарына барып, түйеқұс пен бекіре фермаларын, мұражай мен қуыршақ театрын, яхт-клубты аралады. Бүгінде орталықта 85 бала бар, оның 23-і ата-анасыз балалар. №2 арнайы түзету мектебінде 4 бала оқиды, 12 бала "Школьник орталығының" шығармашылық үйірмелеріне қатысады, біреуі политехникалық колледжде грантта оқиды, - деді Ақтау қаласының №3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Дина Сейдалиева.
№2 арнайы түзету мектебінің түлегі, 16 жасар Дильназ Аманжолова "Ертегілер" әнін орындады.
— Биыл Маңғыстау туризм колледжіне оқуға түспекпін. Қатты уайымдап жүрмін, бірақ бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Концерт маған өте ұнады. Барлық баланы шын жүректен құттықтаймын, денсаулық, бақыт және амандық тілеймін, - деді Дильназ Аманжолова.
Балалар ересектермен бірге ән де айтты, би де биледі – бір сөзбен айтқанда, өте көңілді болды. Мерекенге ата-аналар да қатысты.
— Бүгін балаларымызды қуанды, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар бірікті. Ұйымдастырушылар балаларға нағыз мереке сыйлады деп есептеймін, өйткені балаға назар аударудың, қамқорлық көрсетудің маңызы зор. Бұл үшін оларға көп рахмет, - деді концертке келген аналардың бірі.