Полиция қызметкерлері облысқа кіреберіс тұстағы елдімекенде өзге аймаққа тиесілі және шетелдік автокөліктерді тоқтатып, арнайы дайындалған визиттік карталарды таратты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz cайты.
Визиттік картада “Маңғыстау облысына қош келдіңіздер!” мәтіні үш тілде және полициямен байланысу жолдары көрсетілген.
"Егер жүргізуші ұзақ жолда қандай да бір көмекке мұқтаж болса, кез-келген мезгілде полициямен байланысу мүмкіндігі бар. Бұл шара жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жасалды", - дейді ПД баспасөз қызметі.