Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті Жетібай кенті аумағында мұнай қалдығын төккен серіктестікке қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолданатын болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық экология департаментіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаментіне Жетібай кенті аумағында мұнай қалдықтарын төгу фактісі туралы ақпарат түскен. Шолу жұмыстары барысында мұнай қалдығы төгілген жердің аумағы бүлінгені расталған.
- Бүлінген жер көлемі аумағындағы топырақтан сынама алынып, департаменттің зертханасына жеткізілді. Аталған орынның жер телімі "VOID" ЖШС-на тиесілі екені анықталды. Сынама қорытынды нәтижесі негізінде экология департаменті келтірілген залалды есептеп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылданатын болады, - делінген ведомство хабарламасында.