© Сурет instagram-нан алынды
Ақтаулық "Каспий" командасы футболдан Қазақстан чемпионатының 12-турында "Тараз" командасын жеңді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтауда болған ойын 2:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 24-минутында "Тараздың" қорғаушысы Елдос Ахметов қарсыластың шабуылын тоқтатам деп қызыл карточка алды.
Ал содан екі минуттан кейін оның командаласы Бауыржан Байтана өз айып алаңында допты қолмен ұстап қойып, пенальти белгіленді. Нәтижесінде Мақсат Тайкенов тепкен пенальти соққысы қақпаның жоғарғы бағанасына тиіп, доп қарсыластың айып алаңына түсті. Сол сәтті қалт жібермеген "Каспийлік" Никола Цуцкич допқа бұрын жетіп қайта соққы жасап есеп ашты.
29-минутта "Тараз" тағы бір ойыншыдан айрылды. Себебі Бауыржан Байтана бір ойында екі сары қағаз алып, ойыннан шеттетілді.
Содан бес минут өткенде "Каспий" басымдықты пайдаланып екінші голды салды.
Ал "Тараз" ойынның соңғы минуттарында бір гол соғып үлгерді.
Осы ойыннан кейін "Каспий" 22 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орынға көтеріліп, "Астана" мен "Тараздың" алдына шықты.