Ақтау қаласында тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында үстел теннисінен қалалық чемпионат өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрақты өтіп тұратын бұл шараның мақсаты — спортты насихаттау, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау.
Жарысқа 16 ер және 12 әйел адам қатысты. Сайыс айналмалы жүйеде ұйымдастырылды.
Жеңіс тұғырынан көрінген теннисшілер марапатталды.